Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда қобызшы Ақбота Бердалиевамен кездесу өтті

15 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Күннен-күнге түрленіп жатқан Түркістанға төрткүл дүние көз тігіп отырғаны жасырын емес. Түркі елдерінің рухани астанасы ретінде мәртебесіне сай шаһар болып қалыптасуы жолында жасалып жатқан игі істер қарқын алып, бүгінгі Түркістан алып құрылыс алаңына айналған. Десек те түркістандықтар той тойлап, көңіл көтеруге де уақыт табатын халық. Оның үстіне қала күнін атап өту үрдісінен жаңылуға болмайды.
Қала күніне орай Түркістанда біршама мерекелік іс-шара жоспарланған. Соның бірі Түркістан қалалық орталық кітапханасында «Қала күні» мерекесіне орай «Түркістаным – киелі мекенімсің» атты кітап көрмесі және қобызшы, ұстаз Ақбота Бердалиевамен кездесу кеші өтті,  деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Іс-шараға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Бейсембаев, еңбек және тыл ардагерлері Жарқынбек Ерсін, Хамза Пәйзіұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, зейнеткер кітапханашы Раушан Сержанова мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесуде Ақбота Бердалиева қыл қобыздың қасиетін айта отырып, көне аспаппен күй тартты. Көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз шығармашылығынан өнер көрсетті.

Бердалиева Ақбота 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Жетісай қаласындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдаған. Шымкент қаласындағы музыкалық училищенің ұлт аспаптар бөліміне оқуға түсіп, аталған училищені 1981 жылы оқуын аяқтап шыққан. 1981 жылы жолдасы Асқар Жақыпбековпен Түркістан қаласына сол тұстағы қала басшысының шақыртуымен келіп, «Яссы» фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрған. Ансамбль кезінде ел аумағынан асып, шетелдерге гастрольдік сапарлармен барды. Екі өнер адамының перзенттері де өнер жолын таңдаған. Ұлы қаламыздағы саз мектебінде домбыра класының тәлімгері болса, қызы да музыкант. Ақбота Бердалиева 40 жылдай саз мектебінде қобыз пәнінен дәріс берген. Тәрбиелеген шәкірттері Қазақстанның өнері мен мәдениетін көтеруге үлес қосып келеді. Халықтың ықыласына бөленген Ақбота Бердалиева Президенттің қабылдауында болып, Алғыс хатпен марапатталған. Бүгінде зейнеткер, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшесі. Мәдени шара соңында қатысушылар кең көлемде жасақталған кітап көрмесімен танысты.

Айта кетейік, Түркістанда қала күніне орай өтетін іс-шаралар тізімі жарияланды. Қала күніне орай өтетін іс-шаралар: 15 қазан, сағат 12:00 – баскетболдан 2009-2010 жылы туған ұлдар арасында халықаралық турнир, Б. Шолақ спорт кешені; 16 қазан – «Түркістан көркі» фото байқауы, Оқушылар сарайы; 16 қазан, сағат 09:00 – шахматтан Түркістан қаласының ашық біріншілігі, «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасы; 16 қазан, сағат 10:00 – «Түркістаным – Тұраным» атты жас ақындар арасында қалалық жыр мүшәйрасы және «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты жас ақындар айтысы, Қ.Сәтпаев атындағы № 12 ЖОМ; 17 қазан – ұмытылып бара жатқан халық әндеріне дем беру мақсатында концерт пен көрме, «Ақжайық» музыкалық мектебі; 18 қазан сағат 11:00 – «Тербететін жанымды, Түркістаным ән, жырым!» атты поэзиялық кеш, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі; 18 қазан 16:00 – «Тұғыры биік, киелі мекенім – Түркістан» атты концерттік бағдарлама, «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасы; 18 қазан – «Диуани хикмет» аймақтық Ясауи хикметтерін жатқа айту байқауы, «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасы; 19 қазан, сағат 12:00 – баскетболдан 40 жастан жоғары ересектер арасындағы Түркістан қаласының ашық біріншілігі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ; 20 қазан – футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігі, «Бірлік» секторы; 21 қазан, сағат 09:00 – Түркістан қаласының сектор тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерін спартакиада, О. Жарылқапов атындағы стадион; 22 қазан, сағат 10:00 – театрландырылған қойылым, патриоттық өлеңдер оқу және кітап көрмесі, қоөнершілер фестивалі, көкөністер жәрмеңкесі, «Этноауыл» аумағы; 22 қазан – «Түркістан балалар көзімен» суретшілер фестивалі, «Арбат» бойында; 23 қазан, сағат 09:00 – қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Түркістан қаласының біріншілігі, «Farabi school» спортзалы; Cондай-ақ 23 қазанда сағат 19:00-де Мұз сарайы алаңында танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.