Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
  • Хазірет ауылына көгілдір отын жетті
  • Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды
  • «Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты
  • Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр
  • Тоқаев Ақордада ауыс-түйіс жүргізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Түркістанда шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

29 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Қала әкімі тұрғындарға алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырып, әрбір тұрғынның сауалына жеке-жеке жауап берді.

Алдыңғы кездесулерде Шауғар секторына қатысты 28 мәселе тіркеліп, оның 17-сі орындалса, 11 мәселе жүзеге асу барысында.

Маңызды мәселелердің бірі- инфрақұрылым жүйесі қарқынды іске асырылуда. Мәселен, ауыз сумен қамту деңгейін 99,5%-ға жеткізу мақсатында жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге су жүйесін тарту және қайта құрудың 2-кезек жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы 3200-ден астам абонент сапалы электр қуатымен қамтылып, 2026 жылы 22 шақырым электр желісі мен жаңа трансформаторлар орнатылады. 185 жаңа абонентті табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Абаттандыру бағытында 3 жаңа ойын алаңы салынып, барлығы 19 ойын алаңы күтіп-ұстауға алынған. Төле би мен Сабырханов көшелерінің қиылысына МАФ орнату және аулаларды абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Жол жөндеу бойынша Сектор аумағында 36 көшеге асфальт төсеу көзделіп, қазіргі таңда 19 көшеде жұмыстар аяқталған, қосымша 12 көшеге жөндеу жүргізу үшін конкурс жарияланған.

Сектордағы көше жарығы 98% қамтылған, қалған 8 көшеге жарық орнату тамыз айына жоспарланып отыр. Қауіпсіздік пен цифрландыру бойынша жыл соңына дейін 35 бейнебақылау камерасы орнатылып, байланыс сапасын арттыру үшін 3 базалық станция қойылады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда секторда 2 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді, қосымша 4 дүкен ашу жоспарда бар.

Кездесу барысында қала әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген барлық мәселелер кезең-кезеңімен, заң талаптары аясында шешілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды қаланың тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында белсенділік танытуға шақырды.

Қала басшысының халықпен көшпелі кездесуі бүгін 15:00де- ӘІО-ғы 9-шы көше бойында орналасқан №33 мектепте қорытындыланады.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Соңғы жазбалар

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025

«Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты

9 Қыркүйек, 2025

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

9 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Ақордада ауыс-түйіс жүргізді

9 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

9 Қыркүйек, 2025

«Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!»: Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып берді (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.