Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда «Сlub fair — 2024» клубтар көрмесі өтті

4 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркі елдерінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жылдағы дәстүр бойынша «Шаңырақ» клубтар координациясының ұйымдастыруымен «CLUB FAIR — 2024» клубтар көрмесі өтті, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агентігі.

Көрменің басты мақсаты — студент жастардың уақыттарын тиімді өткізу, белсенділігін арттырып, бағыт-бағдар көрсету болып табылады. Айтулы кеш ректор өкілі міндетін атқарушы Наджи Генчтің құттықтау тілегімен бастау алды.

«Ең алдымен, клубтарға қолдау көрсетіп келген студенттеріміз бен белсенді білімгерлерімізді көргеніме қуаныштымын! Бүгін оқу ордамыз халықаралық статусқа ие университет ретінде, бір-екі емес, 20-дан астам клубтың жұмысы арқылы барша жоғары оқу орындарына үлгі болды деп ойлаймын. Клубтар әлеумет, денсаулық сақтау, өнер мен спорт сынды басқа да салаларда үлкен рөл атқарды. Осы себепті қашанда клуб студенттерінің еңбегін бағалаймыз! Алдағы уақытта атқарар істеріңізге сәттілік тілейміз!»,- деді Наджи Генч.

Келесі кезекте, академиялық мәселелер вице-ректоры Элмира Идрисова барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгінгі клубтарға тек сәттілік тілейміз! Қатарларыңызда студенттер саны арта берсін. Біздің университетіміздің барлық студенті белсенді, қазақ елі мен Түркі әлемінің ең мықты азаматтары болсын деп тілеймін!», — деді вице-ректоры Элмира Идрисова.

Клубтар көрмесінде белсенді жастарға әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу ақ тілектерін арнады.

«CLUB FAIR — 2024» клубтар көрмесі концерттік бағдарламамен жалғасты. Клуб тулары көкке көтерілді. Әр клуб мақсатын таныстырып, ортаға шықты. Жастар сахна төрінде әсем ән шырқап, би биледі. Осылайша, өнерлі студенттер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айта кететіні жаңа оқу жылында «Шаңырақ» клубтар координациясында 23 клуб жұмысын бастады, — деп хабаралады.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Азия құрлығында – 203, Орталық Азия құрлығында 7-ші орынға табан тіреді. 

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ең ықпалды әлемдік университет рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings 2024 көрсеткіші бойынша 816-орынға ие болды. Сондай-ақ білім мен ғылымға қатысты түрлі критерийлер арқылы бағаланатын Asia University Rankings қорытындысымен Азия құрлығында – 203, Орталық Азия құрлығында 7-ші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Университет 2023-2024 оқу жылында 993 білім грантын жеңіп алған. Яғни 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда грант саны 34% артқан. Университет қабырғасында «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехі», «Turkistan EdTech Lab» Сoursera орталығы, «Нанотехнологиялар және энергетикаға арналған жаңа материалдар», микробиология және биотехнология, мектептегі биологияны оқытудың инновациялық әдістері, микробиология және вирусология зертханалары, жаңа орталықтар іске қосылды. Жыл көлемінде 150-ге жуық ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды. 18-ге жуық халықаралық деңгейдегі конференциялар мен конгрестер өтті. Ғалымдардың мақұлданған гранттық жобалар саны да көбейді. Университет ғалымдарының гранттық жобалары аясында «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында ғалымдар 3D-принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды.

Университеттің кітап қоры – 517 138 жетті

Сондай-ақ өткен оқу жылында университет қорына 15 068 518 теңге көлемінде оқулықтар мен электронды кітап сатып алынған. Жалпы кітап қоры – 517 138 құрап отыр. Аталған оқу орынында өткен оқу жылында 7 оқытушы Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушысы», 10 оқытушы – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Университет ғалымдарының 9 ғылыми жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.

Алғашқы үшінші деңгейдегі инсульт науқастарын қабылдай бастады

Оқу орнының клиника-диагностикалық орталығы – Түркістан қаласы бойынша өткен жылы тәулік бойы алғашқы үшінші деңгейдегі инсульт науқастарын қабылдай бастады. Неврология және интервенциялық нейрохирургия салаларындағы облыстық маңызды клиникаға айналды. Өткен оқу жылында университет оқу ғимараттары мен жатақханаларды жөндеу, өзге де қажетті шаруашылық жұмыстары жүргізілді.

Университетте бірқатар оқу залдары ашылды

Университеттің және демеушілердің қолдауымен, оқу орнында бұрынғы ректорлары және белгілі профессорлар Лесбек Ташимов пен Серік Пралиев атындағы оқу залдары ашылды. Филология факультетінің акт залы, ҚР Халық артисті, профессор Райымбек Сейтметов атындағы сахна залы жаңа кейіпке енді. Сондай-ақ, осындай қарқынды жұмыстар аясында ҚР Халық артисті, профессор Қажыбек Бекбосынов пен ҚР Халық артисті, профессор Рахима Жұбатурова атындағы қос аудитория да ашылды. №6 ғимаратының спорт залы да заманауи қалыпқа келтіріліп, ағымдағы жөндеуден өтті.

Түркістанда университет жанынан ашылған цех тәулігіне 7 тоннаға дейін жеміс-жидек өнімін дайындайды
Биыл Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ботаникалық бағында орналасқан «Жеміс-жидектерді өңдеу өндірістік цехы» өз өнімдерін сатылымға шығарды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен ашылған цех жұмысы бүгінде қарқынды даму үстінде. Қазіргі таңда онда 13 түрлі өнім дайындалады. Атап айтқанда, кептірілген өрік пен алма, алмұрт, банан, алмұрт пен өрік пастиласы, асқабақ, күнбағыс дәні, жаңғақ қосылған өрік пастиласы мен табиғи сусын қоспалары бар. Цехтың барлық өнімдері университеттің ботаникалық бағында өсетін жеміс-жидектерден жасалады.

Аталған өнімдер қолжетімді бағада тек облыс көлемінде ғана емес, Қазақстан бойынша таратылып отыр. Цехта алдағы уақытта басқа да өнімдер нарыққа шықпақ. Өндірістік цех заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Онда жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлері орындалады. Шағын өндіріс орнының 1 тəулікте 5-7 тонна өнім өңдеуге мүмкіндігі бар.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.