21–22 сәуірде Түркістан қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан Халк Маслахаты төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов арасында бейресми кездесу өтеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, кездесу барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективалары және өңірлік мәселелер талқыланады.
Қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері талқыланды. Қазіргі кездегі қазақ-түркімен қарым-қатынастарының жоғары деңгейлі болуын баса айтқан тараптар, екіжақты жоғары деңгейде энергетика, транзит және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асу барысын егжей-тегжейлі қарастырды.
Сонымен қатар, өңірлік ынтымақтастық мәселелері мен болашақта өтетін бесжақты форматтағы шараларға ерекше назар аударылды.