Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
  • «Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады
  • 1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістанда «Түркістан – бірліктің бастауы» атты фотобайқау өтті

Түркістанда «Түркістан – бірліктің бастауы» атты фотобайқау өтті

29 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылғы 27 мамыр күні Түркістан қаласының мәдени әрі рухани ордасына айналған «Достық үйінде» маңызды мәдени іс-шара – «Түркістан – бірліктің бастауы» атты фотобайқау өтті. Бұл байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мерейлі дата аясындағы іс-шара ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты дәріптеп, Қазақстандағы бейбіт өмір мен қоғамдық келісімді сурет тілінде бейнелеуді мақсат етті.

Шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен оған қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен жүзеге асты. Байқауға Түркістан облысымен қатар, Алматы қаласынан да фотографтар қатысты. Барлығы 20-ға жуық кәсіби және әуесқой фотограф өз туындыларын ұсынды. Арасында өз жұмыстарын онлайн форматта жіберген қатысушылар да болды.

Іс-шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов қатысушыларға алғыс білдіріп, аталмыш фотобайқаудың мән-маңызын атап өтті. «Бұл тек фото жарыс қана емес, ел ішіндегі татулық пен бірлікті көркем сурет арқылы жеткізудің жарқын үлгісі. Әр сурет – бейбітшілік пен достықтың айнасы», – деді ол.

Байқауға ұсынылған фотосуреттерде еліміздің көпэтносты келбеті, түрлі мәдениет өкілдерінің өзара сыйластығы мен ортақ мүдде төңірегіндегі татулығы көрініс тапты. Қатысушылар объектив арқылы достықты, қоғамдық келісімді, мәдени әртүрлілікті және ұлттық бірегейлікті көркем әрі әсерлі түрде бейнелей алды. Туындылардан тек сурет қана емес, терең ой мен авторлық көзқарас, ұлттық бірлікті бағалаудың биік үлгісі байқалды.

Байқауға Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облысындағы құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі белсене атсалысты. Олар бұл байқауды этносаралық татулықты нығайтудағы маңызды мәдени оқиға ретінде бағалап, шығармашылық ізденістің жаңа деңгейін көрсеткен шара екенін атап өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

  • 1-орын — Самат Мырзалиевке бұйырды;

  • 2-орын — Мақсат Шағырбай;

  • 3-орын — Нуриддин Искаков ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы Дипломдар, Алғыс хаттар және құнды сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, байқауға белсене қатысқан өзге де фотографтар марапатсыз қалған жоқ — олардың еңбегі де лайықты түрде бағаланды.

Іс-шара соңында ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Ән мен күй, дәстүрлі өнер мен заманауи ырғақ үйлесім тапқан бұл концерт көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025

1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады

1 Желтоқсан, 2025

«Бір топ баланы шекарадан заңсыз алып өтпек болған»: қаптаған қалың қытай қазақ балаларын ұрлауға көшті

1 Желтоқсан, 2025

«Барғандары бір қора, алғандары бір қола»: Белгілі спорт журналисі дзюдошыларды аямай сынап тастады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.