Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістанда «Яссы» халықтық ансамблінің 1 жылдық есеп беру концерті өтті

Түркістанда «Яссы» халықтық ансамблінің 1 жылдық есеп беру концерті өтті

10 Желтоқсан, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қалалық мәдениет үйінің «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблінің және «Яссы» халықтық би ансамблінің 1 жылдық есеп беру шығармашылық концерті өтті.

Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің қайта құрылған «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі мен «Яссы» халықтық би ансамблінің 1 жылдығына арналған «Алтын қазыналы жыл» шығармашылық концерті ұлттық нақышта жоғары деңгейде аншлагпен өтті.

Кіре беріс фойеде Мәдениет үйі мен «Яссы» ансамблінің тарихынан сыр шертетін көрмені тамашалаған қонақтар мен көрермендер арнайы дайындалған фуршеттен дәм ауыз тиіп, концерт залына бет бұрды. Лэд экраннан Түркістан қалалық Мәдениет үйінің 45жылдық тарихы бар «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблінің тарихын, жүріп өткен белестерін айқындайтын бейнебаян көрсетілді.

«Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар» дегендей, залда ине шаншар жер болмады. Халық бұрын-соңды болмаған жанды дауыстағы концертті тамашалап көріп, көңілдері тасып, қуаныш сезіміне бөленді. «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі 1жыл ішінде репертуарларының аясын жақсы бағытта байыта түрлендіріп, кеңейткен. Нағыз қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі дерсің…

Әсем безендірілген сахна төрінде шығармашылық кештің шымылдығы «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі М.Бердіғұловтың «Ақсауыт» күйінің құлпырта, күмбірлете орындалуымен, «Яссы» халықтық би ансамблінің көз ілеспейтін, табандары жерге тимейтін әдемі қимылдарымен мың бұрала билеуімен ашылды.

Салтанатты кеште сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы:

— Мәдениетіміз бар жерде халқымыздың ынтымағы, бірлігі орын алады. 45жылдық тарихы бар Мәдениет үйінің «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі мен «Яссы» халықтық би ансамблі қайта жаңғырып, енді бір жылдық мерейлі мерекесін атап отырмыз. Қаламызда жыл мезгіліне қарамай, қысы-жазы түрлі орындарда өнер көрсетіп, мәдениетті дамытуда айрықша үлестерін қосып келеді. Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын — дей келе, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан бірқатар Мәдениет үйінің қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады. — Олар – Гүлнәзия Есенкелдіқызы, Данагүл Алпысәліқызы, Ерлан Асқарұлы, Шералы Шәкірұлы, Бағдат Нысанбай, Досболат Сәбитұлы, Райымбек Бақытұлы.

Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың мерей тойға арналған құттықтау-марапаттау алғыс хаты мен сый –сыяпатын ҚР «Ерен Еңбегі үшін» медалінің, «Мәдениет саласының үздігі», «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісінің иегері, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі- Темірхан Асылхан Темірханұлы, Мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Тәңірбергеновтың да құттықтау хаты мерей той иелері – Мәдениет үйінің басшысы ҚР мәдениет қайраткері Лиза Төлегенқызына, «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамбліне, балетмейстер ҚР мәдениет қайраткері Гүлназия Тауекеловаға салтанатты түрде табысталды.

Жиналған көрермен қазақ халқының ұлттық саз аспаптары – домбыра, жетіген, сазсырнай, сыбызғы, шартылдауық, қылқобыз, дауылпаз, қоңыраудың әуезділігін жанды дауыста көзбен көріп, құлақпен тыңдағанда тіл жетпес сезім иірімдеріне бөленді.

Киелі сахна төрінде Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған А.Қоразбаевтың «Үш қоңыр» әні, Карл Дженкистің «PaIIadio» әні, А.Сұлтанбектің «Домбыра» әні, Халық әндерінен поппури, Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, Шолпан Қорғанбектің «Төрткүл түмені» күйі, Абайдың «Тор жорға» күйі, Жантөренің «Шалқыма» күйі, Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйі, Piazzolla-ның «Libertango» шығармасы, М.Бердіғұловтың «Шахристан» шығармасы, Яннидің «Танец мира» шығармасы, З.Аласьяның «Ертұғырыл» шығармасы, «Қазақ рухы» биі, «Бұраң бел» биі, «Өрлеу» биі, «Бақтыбайдың әуені», «Великолепный век» саунтрегі, «Киномикс» саундтректері, классикалық туындылар орындалды.

Мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызының жетекшілігімен қайта құрылған «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі қазақтың мәдениетін, көркем өнерін, теңдесі жоқ дала сазын ұлттық аспаптармен шебер орындап, балетмейстер Гүлназия Тауекелованың нұсқауымен «Яссы» халықтық би ансамблі, сондай-ақ, «Ән – көңілдің ажары» дегендей «Семсер» тобы, Нысанбай Бағдат, Дана Ынтықбай мен Райымбек Бақытұлы т.б. өнерпаздардың тарту еткен, ән мен күйге бөленген концерттік бағдарламасы көрермендердің көңілінен шықты.

Мерекенің қорытынды кешінде елімізге танымал, жергілікті әнші- сазгер Сауран Елеуовтың М.Жұмабаевтың сөзіне жазылған рухты «Түркістан» әнін ансамбль сүйемелдеуімен Нысанбай Бағдат нәшініне келтіріп әуелете шырқады. Ән-күй қазынасын көл-көсір ұлағатымен жеткізе білген, ел қошеметіне бөленген Мәдениет үйі ұжымының өнеріне тамсанған көрермендер тік тұрып құрмет көрсетіп, ұзақ уақыт қол соғып шапалақтады.

«Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың» дегендей, мәдениеттің жілігін шағып, майын ішкен Мәдениет үйінің директоры Шамет Лиза Төлегенқызы өнер іздеген, өнегелінің жолын ұстаған, кәсіби даралықтарын танытқан ұжымына үнемі темірқазықтай бағыт-бағдар беріп жүреді.

Әлем таныған Түркістанның мәдени саласының өсіп- өркендеуіне, дамуына қомақты үлес қосқан, олжа салған, өз қолтаңбаларын айшықтаған, ынтымағы жарасқан Мәдениет үйі ұжымының өнерпаздарына өнер биігіндегі келбеттеріңіз жарқырай берсін деген тілек білдіреміз.

Өнерде өміршеңдік бар. Өнерге құштарлық – өмірге құштарлық. Ұлағатты өмірлерін ән-жырмен, саз-күймен өріп келе жатқан Түркістанның тұғырлы өнерпаздарын тоғыстырған «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылық белестері жалғасын таба берсін.

Елдің рухын көтеретін Ән мен күй, қуаныш пен шаттық базарларыңыз ешқашанда тарқамасын!

 

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.