Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда жаңа зауыт ашылуы мүмкін: Нұралхан Көшеров мажарстанның бас консулымен келіссөз жүргізді

Түркістанда жаңа зауыт ашылуы мүмкін: Нұралхан Көшеров мажарстанның бас консулымен келіссөз жүргізді

2 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы халықаралық инвестициялық әріптестікті дамытуда тағы бір маңызды қадам жасады. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Мажарстаннан келген ресми делегациямен кездесті. Басқосу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланып, ірі жобалардың болашағы сөз болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Todayinfo ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кездесуге Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке, Сыртқы сауда жөніндегі дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач және Венгрияның ірі өнеркәсіптік ұйымдарының бірі – «UBM Group» компаниясының жетекшілері қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, Түркістан облысында заманауи құрама жем зауытын салу жөніндегі бастаманы талқылады. Бұл жоба – тек екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілуі ғана емес, сонымен қатар өңір экономикасына тың серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық бастама болмақ.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, зауытты дәл осы аймақта салудың тиімділігін жан-жақты түсіндірді. Қолайлы логистика, еңбек ресурстарының қолжетімділігі, аграрлық әлеует және мемлекеттік қолдаудың аясында жаңа кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне барлық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Ал жоспарланып отырған зауыттың жылдық қуаты – 200 мың тонна. Жоғары технологиямен жабдықталатын өндіріс ошағы ішкі нарықты сапалы жеммен қамтамасыз етіп қана қоймай, көрші елдерге де өнім экспорттауды көздейді. Жоба іске асқан жағдайда өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымы жаңаша дамиды.

Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» – Венгриядағы жетекші жем өндіруші холдингтердің бірі. Қазіргі таңда жылына 450 мың тонна құрама жем шығарып отырған бұл компания ел ішінде 4 зауытқа иелік етеді. Сонымен қатар, ол майлы дақылдар мен астық өнімдерінің ірі трейдері ретінде танымал. Компания өнімдерін Еуропа мен Азиядағы 15 мемлекетке экспорттайды, ал жылдық сауда айналымы 1,5 млн тоннадан асады.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдіріп, бірқатар болашақ жобалар бойынша ниеттестік танытты.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.