Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
  • «Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады
  • 1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістанда жасанды көлі бар демалыс аймағы ашылды

Түркістанда жасанды көлі бар демалыс аймағы ашылды

5 Маусым, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан қаласы тағы бір демалыс аймағымен толықты. Бүгін шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген жасанды көлі бар саябақ пайдалануға тапсырылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді.
Қалалық сабақта Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына би және театрландырылған қойылымдар ұсынылып, әуезді әндер орындалды. Серік Ибрагимов, Нұржан Жүсіпбеков, Гүлмира Құдайбергенова және басқа да елімізге танымал әншілер мен домбырашы балалар тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар «Күлтегін» этно-фольклор ансамблі мен «Жастар» және «Жаңа леп» ұжымы, «Семсер» тобы халық әндері мен заманауи туындылар орындап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Салтанатты шара барысында балалар мен ересектерге арналған интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, цирк, аниматорлар және армандар шары шоуы көрсетіліп, спорттық жарыстар, сурет және қыштан бұйым жасау шеберлік сағаттары өтті.
Қалалық саябақ «Жаңа қала» аумағында 12,77 гектар жерде орналасқан. Саябақта 38 438 шаршы метр жер көгалдандырылған. 8 мыңға жуық тал мен жасыл екпе егілген. Жасанды көл 19500 шаршы метр аумақты қамтиды. Су сыйымдылығы – 60 000 м3. Көл үстінен ұзындығы 92 метр жаяу жүргіншілер көпірі салынған. Сонымен қатар көл үстінде шолу алаңы, сарқырама, субұрқақтар бар. Демалыс аймағында тамақтанатын орындар, балалар алаңшалары, әкімшілік ғимараты қарастырылған. Одан бөлек, шатырлар, жарықшамдар, 270 дана орындық пен 240 дана қоқыс жәшігі орнатылған. Саябақ бір күнде 600 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025

1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады

1 Желтоқсан, 2025

«Бір топ баланы шекарадан заңсыз алып өтпек болған»: қаптаған қалың қытай қазақ балаларын ұрлауға көшті

1 Желтоқсан, 2025

«Барғандары бір қора, алғандары бір қола»: Белгілі спорт журналисі дзюдошыларды аямай сынап тастады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.