Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды
  • Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді
  • Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті
  • Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды
  • Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
  • Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр
  • Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда
  • Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 21 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістандағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін

Түркістандағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін

10 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қ.Тоқаевтың арнайы Жарлығы бойынша құрылған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялардың жұмысын бастағанына төр жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында барлық өңірлердегі сияқты Түркістан облысында да өте ауқымды жұмыстар атқарылғандығын «Todayinfo.kz» ақпараттық агенттігі  бұған дейін де жариялаған болатын.

 

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қолдан жасалған ашаршылық пен қуғын-сүргін Түркістан қаласын да айналып өтпеген. «Бірлік туы» газетінде 1918 жылы 9 сәуірде жарияланған Сұлтанбек Қожановтың «Түркістаннан хат» атты мақаласынан қысқа ғана үзіндіге назар аударсақ,  «Түркістан ауданы халықтарының жайы күн санап төмендеп, осы уақытта тым-ақ жаман күй кешіп тұр. Көшелерде шұбырып жүрген аш қазақ. Екінің бірінің аштықтан көзі іскен. Ана жерде де, мына жерде де аштан өліп жатқан адам. Осы кезде өлікті жинап алуға да шама келмей жатыр…», делінген.

 

Түркістантанушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Нұрмахан Назаровтың мәліметінше  қуғын-сүргіннің нәубет науқаны кезеңінде Түркістан ауданынан 161 кісі жазықсыз қудаланып сотталған. Архивтен табылған тізімде әр адам туралы кішкене мәліметтің өзінде Түркістанның тарихының әр қырынан деректер бар. Ендеше, сол бір нәубет жылдары Түркістан ауданы бойынша сотталған азаматтар туралы ақпаратты жарияламақпыз.

 

 

 

ТҮРКІСТАН АУДАНЫ БОЙЫНША РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

 

  1. Абдесов Қары – 1880 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Маусымдық жұмыста жұмыс істеген. 1941 жылы 07.07-сотталған. 1956 жылы 29.07-ақталған.

 

  1. Абдуласенов Абдулахан – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы Қарнақ селосында тұрған.

 

  1. Абдуллин Шогман – 1908 жылы туған. Түркістан қаласы, Қызылорда көшесі №4 үйде тұрған. Госстрахта инспектор болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28.08-сотталған. 1957 жылы 02.08-ақталған.

 

  1. Абдуллаев Каюм – 1899 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан станциясы, жұмыс орны – районный Внуторгта салық жинаушы болып қызмет еткен. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1962 жылы 02.09-ақталған.

 

  1. Абдуллаходжаев Исматулла – 1868 жылы туған. Туған жері – Түркістан қаласы, Қарнақ көшесі №43 үй. Мешітте молда болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1954 жылы 14.08-ақталған.

 

  1. Абдуллин Баймахан Алишерұлы – 1901 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Ащысай руднигі, АХО-да жұмыс істеген. 1938 жылы 28.02-сотталған. 1997 жылы 23.04-ақталған.

 

  1. Абдурахманов Абдувахап – 1899 жылы Түркістан қаласында туған. Түркістан қалалық кеңесінің төрағасы. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1963 жылы 30.10-ақталған.

 

  1. Абдурахманов Қасым – 1892 жылы Қытайда туған, күзетші болған. 1938 жылы 05.09-сотталған. 1989 жылы 25.08-ақталған.

 

  1. Абдурахменов Құрбан – 1893 жылы туған. Түркістан қаласы, Еңбекші артелінде арбакеш болған. 1938 жылы 11.02-сотталған. 1963 жылы 21.10-ақталған.

 

  1. Абдурахманов Сайт-наби – 1868 жылы туған. Түркістан қаласында сатушы болған. 1930 жылы 09.04-сотталған. 1958 жылы 09.10-ақталған.

 

  1. Абдурахманов Хиския Израилович – 1877 жылы Түркістан қаласында туған. Еврей, саудегер болған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1957 жылы 23.11-ақталған.

 

  1. Абдусаматов Абдураим – 1909 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 09.04-сотталған. 1958 жылы 09.10-ақталған.

 

  1. Абдусаттаров Исмаил – 1864 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс жасамаған. 1930 жылы 09.04-сотталған. 1958 жылы 09.10-ақталған.

 

  1. Абдуллаходжаев Исматулла – 1868 жылы Түркістан қаласында туған, ұлты өзбек, 1937 жылы 30.12-сотталған. 1958 жылы 30.01-ақталған.

 

  1. Абишев Тулеген – 1903 жылы туған. Түркістан станциясы, Ащысай полиметалл теміржолында путевой обходчик болып жұмыс істеген. 1938 жылы 28.07-сотталған. 1971 жылы 25.08-ақталған.

 

  1. Абсаметов Абдужаппар – 1885 жылы туған. Түркістан станциясында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1989 жылы 26.06-ақталған.

 

  1. Абсаматов Абсаттар – 1893 жылы туған. Түркістан станциясында тұрған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1989 жылы 26.06-ақталған.

 

  1. Авекиев Сергей Кириллович – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде плановик болып жұмыс істеген. 1938 жылы 30.09-сотталған. 1989 жылы 04.08-ақталған.

 

  1. Алдашукуров Құрбан – 1904 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы Корчагин. 1937 жылы 19.07-сотталған. 1989 жылы 31.05-ақталған.

 

  1. Алдияров Мухитдин – 1905 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Түркістан аудандық партия комитетінде нұсихатшы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1963 жылы 28.12-ақталған.

 

  1. Алиев Агажан – 1909 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында жұмысшы болған. 1938 жылы 26.10-сотталған. 1989 жылы 03.08-ақталған.

 

  1. Амантаев Джағанша – 1911 жылы туған. Ащысай поселкесі. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Ащысай руднигіндегі асхана меугеушісі болып жұмыс жасаған. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1960 жылы 09.08-ақталған.

 

  1. Анарбаев Асет – 1908 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, дихан болған. 1930 жылы 20.05-сотталған. 1993 жылы 29.10-ақталған.

 

  1. Андрес Зельман – 1896 жылы Польшаның Собота қаласында туған. Түркістан қаласындағы Буденный атындағы мектепте мұғалім болған. 1942 жылы 02.09-сотталған. 1990 жылы 04.05-ақталған.

 

  1. Анчиков Иван Иванович – 1893 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Қалалық ауруханада жұмыс атқарған. 1938 жылы 10.10-сотталған. 1959 жылы 05.03-ақталған.

 

  1. Асетдинов Уркуш – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20.05-сотталған. 1999 жылы 26.02-ақталған.

 

  1. Асқаров Есім – 1893 жылы туған. Түркістан ауданында тұрған, еңбек артелінде аға есепші болған. 1938 жылы 05.09-сотталған. 1958 жылы 16.09-ақталған.

 

  1. Асылбеков Қадырбай – туған жері Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Шымкент қаласының жер бөлімі, Түркістан жер бөлімі. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1960 жылы 03.08-ақталған.

 

  1. Асылбекова Кульджан – 1920 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Хантағы қыстағы. Хантағы руднигінде лебедчица болып жұмыс істеген. 1945 жылы 02-сотталған. 1945 жылы 05.03-ақталған.

 

  1. Атажанов Ибай – 1887 жылы туған. Түркістан ауданы Карачинде тұрған. Әртүрлі жұмыстар істеген. 1937 жылы 19.07-сотталған. 1989 жылы 31.05-ақталған.

 

  1. Атаджанов Қонбай – 1896 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Ынталы колхозында төраға болып жұмыс атқарған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1961 жылы 06.04-ақталған.

 

  1. Атаходжаев Ташходжа – 1898 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан қаласы, жұмыс істемеген. 1938 жылы 28.03-сотталған. 1989 жылы 26.07-ақталған.

 

  1. Аташев Ахмет – 1866 жылы туған. Түркістан, Оранғай ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 27.09-сотталған. 1989 жылы 30.05-ақталған.

 

  1. Атансанов Ибат – Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1937 жылы 05.09-сотталған. 1989 жылы 31.03-ақталған.

 

  1. Ахметов Патша – 1908 жылы туған. Түркістан қаласында асханада аспазшы болған. 1938 жылы 26.07-сотталған. 1989 жылы 26.07-ақталған.

 

  1. Ахметов Судан – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесіндегі рудникте жұмысшы болған. 1937 жылы 05.09-сотталған. 1957 жылы 16.05-ақталған.

 

  1. Әбдірахманов Моша – 1895 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Түркістандағы №1 сырахананың меңгерушісі. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1957 жылы 25.11-ақталған.

 

  1. Әбдіғалиев Темірғали – 1912 жылы Қарағанды облысында туған, қазақ. Түркістан ауданы бойынша қаржы тексерушісі. 1942 жылы 31.03-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Әбдішүкіров Әлихан – 1908 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Ащысай кенішінің жұмысшысы. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1957 жылы 14.03-ақталған.

 

  1. Бабамжанов Рахманқұл – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Еңбекші артелінде қойма меңгерушісі болған. 1938 жылы 11.02-сотталған. 1963 жылы 21.01-ақталған.

 

  1. Байбергенов Байзақ – 1893 жылы туған. Түркістан ауданы, Өсектас колхозында колхозшы болған. 1933 жылы 25.09-сотталған. 1996 жылы 28.05-ақталған.

 

  1. Байбулатов Нұрмыш – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Қаражон ауылында ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеген. 1936 жылы 14.02-сотталған. 1961 жылы 06.07-ақталған.

 

  1. Байзақов Дәулетбай – 1883 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ. Колхозшы. 1937 жылы 11.10-сотталған. 1957 жылы 11.04-ақталған.

 

  1. Байметова Хильвета-Кулгат – 1894 жылы Түркістан қаласында туған. 1937 жылы 27.09-сотталған. 1989 жылы 31.05-ақталған.

 

  1. Байғараев Ибрайхан – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде шахтада забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Байжанов Абдукарим – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Хантағы ауылында рудниктің транспорт бөлімінің меңгерушісі болған. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1955 жылы 30.07-ақталған.

 

  1. Байжанов Шермет – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, Бірлік колхозында қойма меңгерушісі болған. 1938 жылы 30.09-сотталған. 1964 жылы 08.09-ақталған.

 

  1. Байзақов Мәуленқұл – 1870 жылы туған. Түркістан ауданы, Шоқтас малшаруашылығы фермасында ферма бастығы болған. 1937 жылы 19.11-сотталған. 1989 жылы 30.05-ақталған.

 

  1. Баймаханов Ақан – 1896 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай ауылында рудникте откатчик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1960 жылы 09.08-ақталған.

 

  1. Бакумов Бурхан – 1901 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақта тұрған. Жұмыс істемеген. 1930 жылы 20.05-сотталған. 1999 жылы 26.02-ақталған.

 

  1. Бакменко Константин Игнатьевич – 1911 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде аға электро-монтер болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1958 жылы 11.09-ақталған.

 

  1. Балтаев Хашим – 1893 жылы туған. Түркістан қаласындағы асханада жұмысшы болған. 1938 жылы 05.09-сотталған. 1989 жылы 25.08-ақталған.

 

  1. Бауатдинов Гулам – 1900 жылы туған. Түркістан қаласында – Жигулиде фермада атбақташы болған. 1938 жылы 02.09-сотталған. 1989 жылы 28.08-ақталған.

 

  1. Бахильбеков Абдуманап – 1902 жылы туған. Түркістан мақта зауытында меңгеруші болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1957 жылы 17.10-ақталған.

 

  1. Бекмамбетов Ташмембет – 1896 жылы туған. Түркістан ауданы, Қаражон ауылында ауылдық Совет председателі болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1961 жылы 06.07-ақталған.

 

  1. Бектұрсунов Шаймерден – 1906 жылы туған. Түркістан қаласында орта мектепте мұғалім болған. 1942 жылы 31.03-сотталған. 1956 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Белисаров Досқұл – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Ата ауылында (Атабай) тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 01.11-сотталған. 1956 жылы 30.12-ақталған.

 

  1. Берт Карл Михайлович – 1898 жылы Латвияда туған, латыш. Түркістан аудандық өкілетті комитетінде істеген. 1938 жылы 12.10-сотталған. 1958 жылы 28.07-ақталған.

 

  1. Бисембаев Шаяхмет – 1876 жылы туған. Түркіс-тан Ащысай руднигінде техник болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1956 жылы 18.08-ақталған.

 

  1. Битебаров Тулеш – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай қыстағында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1960 жылы 09.08-ақталған.

 

  1. Боспаев Алишер – 1904 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде десятник забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30.12-сотталған. 17.07-ақталған.

 

  1. Братишка Прокофий Павлович – 1884 жылы туған. Түркістан мақта зауытында шофер болып жұмыс жасаған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1989 жылы 26.07-ақталған.

 

  1. Бурнашев Ибрагими Мұхамеджанович – 1899 жылы туған. Түркістан мақта зауытында жұмыс істеген. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1957 жылы 17.10-ақталған.

 

  1. Бухаров Исатай – 1895 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде ОРС-та сатушы болған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1959 жылы 16.04-ақталған.

 

  1. Борухов Михаил Иосифович – 1909 жылы Түркістан қаласында туған, еврей, жер құрылыс маманы. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1957 жылы 25.11-ақталған.

 

  1. Ведерников Семен Гаврилович – 1903 жылы туған. Түркістан теміржолында вагон қараушысы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 21.09-сотталған. 1966 жылы 14.10-ақталған.

 

  1. Веклич Никонстрат Евгеньевич – 1881 жылы туған. Ащысай руднигінде отдел снабженияда агент болып жұмыс істеген. 1938 жылы 30.09-сотталған. 1959 жылы 26.02-ақталған.

 

  1. Ворожинский Борис Иванович – 1888 жылы Харьков қаласында туған, украин Түркістан қаласында жол шебері болған. 1938 жылы 10.10-сотталған. 1989 жылы 03.08-ақталған.

 

  1. Волощенко Григорий Трофимович – 1894 жылы туған. Ащысай руднигінде 7-ші участокта бастықтың көмекшісі болған. 1942 жылы 24.11-сотталған. 1989 жылы 05.10-ақталған.

 

  1. Гайнуллин Якуб Хайруллаевич – 1888 жылы туған. Ащысай руднигіндегі кен байыту фабрикасында завхоз болған. 1938 жылы 20.03-сотталған. 1989 жылы 03.08-ақталған.

 

  1. Галицина Надежда – 1871 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 02.02-сотталған. 1989 жылы 03.08-ақталған.

 

  1. Гечев Андрей Михаилович – 1888 жылы туған. Түркістан қаласында аудандық внуторгта директор болған. 1938 жылы 08.10-сотталған. 1963 жылы 14.08-ақталған.

 

  1. Горин Никифор Иванович – 1888 жылы туған. Түркістан станциясында кузнец-единоличник болып жүмыс жасаған. 1937 жылы 01.11-сотталған. 1989 жылы 30.05-ақталған.

 

  1. Гульметов Чал – 1872 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 25.08-сотталған. 1999 жылы 26.02-ақталған.

 

  1. Гуральский Мирон Петрович – 1902 жылы туған. Түркістан станциясында жұмысшы болған. 1937 жылы 26.12-сотталған. 1989 жылы 23.06-ақталған.

 

  1. Давлетбаев Бадақ – 1880 жылы туған. Түркістан ауданы, 10-шы ауылда жұмыс істеген. 1930 жылы 07.05-сотталған. 1989 жылы 07.05-ақталған.

 

  1. Дауренбеков Оразбек – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Баспақкөл колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Дедолко Федор Андреевич – 1910 жылы Гродно губерниясында туған. Түркістан байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. 1938 жылы 16.01-сотталған. 1989 жылы 25.08-ақталған.

 

  1. Джабаев Рүстембек – 1894 жылы туған. Түркістан қалалық милиция бастығы болған. 1937 жылы 19.11-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Джанзақов Наримбек – 1899 жылы туған. Түркістан мақта зауытында өндіріс меңгерушісі болған. 1938 жылы 11.02-сотталған. 1963 жылы 21.10-ақталған.

 

  1. Джолдасбеков Данарбек Арыспаевич – 1907 жылы туған. Ащысай руднигінде десятник забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Джомартов Жолдасбай – 1896 жылы туған. Ащысай поселкесінде тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Джумабеков Рысбай – 1888 жылы туған. Ащысай руднигінде тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 05.06-сотталған. 1958 жылы 05.06-ақталған.

 

  1. Доржанов Болыс – 1880 жылы туған. Түркістан ауданы, Фрунзе колхозында колхозшы болған. 1937 жылы 19.11-сотталған. 1999 жылы 12.08-ақталған.

 

  1. Досанов Абдунаби – 1893 жылы туған. Ащысай руднигінде жұмыс болған. 1938 жылы 16.08-сотталған. 1989 жылы 28.08-ақталған.

 

  1. Ержігітов Рахым – 1910 жылы Түркістан қаласында туған. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында мемлекеттік банк инспекторы болған. 1938 жылы 08.02-сотталған. 1958 жылы 31.01-ақталған.

 

  1. Есенсейітов Ахмет – 1913 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 11.02-сотталған. 1957 жылы 16.02-ақталған.

 

  1. Жакеев Жорабек – 1903 жылы туған. Ащысай руднигіндегі коммунальный бөлімінде десятник болған. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1960 жылы 09.08-ақталған.

 

  1. Жакенов Сұлтан – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде өрт сөндіру күзетінің бастығы болған. 1937 жылы 07.12-сотталған. 1956 жылы 17.08-ақталған.

 

  1. Жандарбеков Дарменбай – 1888 жылы туған. Қандөз ауылында мешітте молда болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 19.02-ақталған.

 

  1. Жаназаров Базарбай – 1896 жылы Түркістан туған, шаруа адам болған. 1930 жылы 08.04-сотталған. 1989 жылы 07.05-ақталған.

 

  1. Жарметов Сапаш – 1886 жылы туған. Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20.05-сотталған. 1999 жылы 26.02-ақталған.

 

  1. Журкевич Александр Николаевич – 1897 жылы туған. Түркістан теміржолын вагон қараушы болған. 1937 жылы 21.11-сотталған. 1989 жылы 30.12-ақталған.

 

  1. Журлов Владимир Лукич – 1897 жылы туған. Ащысай комбинатында бас инженер болған. 1938 жылы 26.02-сотталған. 1939 жылы 30.12-ақталған.

 

  1. Зайцев Иван Сергеевич – 1905 жылы туған. Түркістан станциясында бригадир болған. 1938 жылы 28.07-сотталған. 1971 жылы 25.08-ақталған.

 

  1. Зарва Василий Петрович – 1891 жылы туған. Хантағы руднигінде экономист болған. 1938 жылы 10.10-сотталған. 1989 жылы 30.10-ақталған.

 

  1. Зефиров Сергей Павлович – 1894 жылы туған. Ащысай полиметалл комбинатында инженер-электрик болған 1938 жылы 26.02-сотталған. 1997 жылы 22.04-ақталған.

 

  1. Зимгуров Наби Хайрулович – 1891 жылы туған. Ащысай руднигінде ст.дробильщик болған. 1938 жылы 12.10-сотталған. 1958 жылы 15.05-ақталған.

 

  1. Ибадуллаев Хачи – 1909 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақта тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20.05-сотталған. 1999 жылы 26.02-ақталған.

 

  1. Ибрагимов Ильяс – 1891 жылы туған. Ащысай ауылында тұрған, жұмыс жасамаған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Ибрагимов Махмут-Ахун – 1897 жылы туған. Түркістанда тұрған, жұмыс жасамаған. 1938 жылы 02.09-сотталған. 1989 жылы 05.08-ақталған.

 

  1. Ибраимов Ешмет – 1882 жылы туған. Түркістан ауданы, Шорнақ ауылында тұрған, жұмыс жасамаған. 1937 жылы 19.11-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Ибраимов Идрис – 1871 жылы туған. Түркістан ауданы, Баспақкөл колхозында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Избанов Аққозы – 1905 жылы туған. Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы болған. 1938 жылы 19.02-сотталған. 1958 жылы 21.05-ақталған.

 

  1. Имамбаев Оразбай – 1891 жылы туған. Түркістан аудандық заготпушнинада жауапты қызметкер болған. 1937 жылы 28.08-сотталған. 1957 жылы 02.08-ақталған.

 

  1. Имамбаев Бейсенбай – 1906 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1957 жылы 14.03-ақталған.

 

  1. Имамходжаев Халит – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Еңбекші артелінде төрағаның орынбасары болған. 1938 жылы 11.02-сотталған. 1963 жылы 21.10-ақталған.

 

  1. Иногамов Атахан – 1905 жылы Түркістан ауданында туған. Арыс су шаруашылығы басқармасының бастығы болған. 1938 жылы 21.02-сотталған. 1962 жылы 23.08-ақталған.

 

  1. Исаков Қали – 1898 жылы туған. Хантағы руднигінде партия комитеті хатшысы болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Исламов Балтақожа – 1869 жылы туған. Түркістан ауданы, Қырық кепе ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 15.09-сотталған. 1957 жылы 28.05-ақталған.

 

  1. Қалбыров Бекмамбет – 1879 жылы туған. Ащысай руднигінде коммунальный бөлімінде жұмысшы болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Калмыков Николай Васильевич – 1894 жылы туған. Байжансай руднигіндегі геологиялық-барлау партиясының есепшісі болған. 1938 жылы 10.10-сотталған. 1989 жылы 25.08-ақталған.

 

  1. Камеледдинов Мифтак – 1915 жылы туған. Ащысай руднигінде счетовод болған. 1938 жылы 12.10-сотталған. 1958 жылы 15.05-ақталған.

 

  1. Кан Алексей Николаевич – 1906 жылы туған. Түркістан қаласы, К.Маркс көшесі 12 үйде тұрған. Облыстық сауда базасында товаровед болған. 1938 жылы 10.10-сотталған. 1960 жылы 01.09-ақталған.

 

  1. Канаев Имамберді – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде күзет бастығының орынбасары болған. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Карабасов Зульнасар – 1883 жылы Түркістан ауданындағы Жаңа Иқан ауылында туған. 1938 жылы 20.07-сотталған. 1939 жылы 10.09-ақталған.

 

  1. Қарыбаев Джусут (Жусуп) – 1868 жылы туған. Қандөз колхозында колхозшы болған 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Қашағанов Көней – 1885 жылы туған. Ащысай қыстағында тұрған. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1960 жылы 09.08-ақталған.

 

  1. Кавренубаев (Керуенбаев) Амре – 1906 жылы туған. Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы. 1937 жылы 28.09-сотталған. 1955 жылы 30.08-ақталған.

 

  1. Кегель Николай Николаевич – 1888 жылы туған. Ащысай полиметалл комбинатында электрик болған. 1938 жылы 27.02-сотталған. 1999 жылы 17.06-ақталған.

 

  1. Қазанқапов Шубай – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде сауда бөлімінің бастығы болған. 1931 жылы 28.11-сотталған. 1955 жылы 30.12-ақталған.

 

  1. Кондузов Абсамит – 1896 жылы туған. Бірлік колхозында колхозшы болған 1938 жылы 15.10-сотталған. 1989 жылы 30.10-ақталған.

 

  1. Конкуркульджаев Анет – 1891 жылы туған. Ащысай руднигінде асхана меңгерушісі болған. 1937 жылы 07.12-сотталған. 1958 жылы 05.06-ақталған.

 

  1. Кудиев Саты – 1870 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ, колхозшы. 1937 жылы 11.10-сотталған. 1957 жылы 11.04-ақталған.

 

  1. Қарынбаев Жүсіп – 1904 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Қойшыбаев Бексейіт – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, шөп қабылдаушы болған. 1938 жылы 28.09-сотталған. 1989 жылы 19.08-ақталған.

 

  1. Қуандықов Жалмұхан – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ, колхозшы. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1957 жылы 11.04-ақталған.

 

  1. Құндызов Әбсейіт – 1897 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы болған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1989 жылы 30.10-ақталған.

 

  1. Мырзаев (Мұрзаев) Мекембай – 1896 жылы Түркістан ауданында туған, өзбек, колхоз төрағасы болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1955 жылы 07.05-ақталған.

 

  1. Нахипов Шамсутдин – 1882 жылы Түркістан ауданында туған, өзбек молда болған. 1937 жылы 15.09-сотталған. 1958 жылы 12.06-ақталған.

 

  1. Нәжімов Ергеш – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, нұсқаушы болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1989 жылы 07.05-ақталған.

 

  1. Нәліходжаев Оспан Ходжа – 1867 жылы Түркістан ауданында туған, өзбек. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1958 жылы 30.01-ақталған.

 

  1. Нұрмұхамедов Баша (Нұрмұхамед Ходжаев) – 1837 жылы Түркістан ауданында туған, өзбек. 1937 жылы 15.09-сотталған. 1958 жылы 12.06-ақталған.

 

  1. Нұршатаев Әнетбек – 1893 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ, ауылдық кеңестің төрағасы болған. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1964 жылы 28.11-ақталған.

 

  1. Омаров Көккөз – 1885 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 31.12-сотталған. 1960 жылы 29.12-ақталған.

 

  1. Онбасов Нұрман – 1897 жылы Түркістан қаласында туған. 1938 жылы 31.01-сотталған. 1989 жылы 07.05-ақталған.

 

  1. Орынбаев Мамет-Сыдық-1900 жылы Түркістан қаласында туған, артель аспазы болған. 1938 жылы 05.09-сотталған. 1989 жылы 19.08-ақталған.

 

  1. Пинхасов Нуриэль – 1906 жылы Түркістан қаласында туған, қарашай. «Осоавиахим»-ның Түркістан аудандық отрядының бастығы. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Пинхасов Ханания Хайлович – 1895 жылы Түркістан қаласында туған, орыс, Түркістан тұтынушылар одағының өндіріс директоры болған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1957 жылы 25.11-ақталған.

 

  1. Поляков Михаил Лаврентьевич – 1801 жылы Қызылорда қаласында туған, орыс, Түркістан нан зауытының бөлім бастығы болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1957 жылы 17.10-ақталған.

 

  1. Рысметов Құдайберген – 1890 жылы Түркістан қаласында туған. «Еңбекші» артелінде асхана меңгерушісі болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1963 жылы 30.10-ақталған.

 

  1. Рысметов Құдайберген – 1869 жылы Түркістан ауданының «Майдамтал» селосында туған. Қазақ, «Қырық кепе» мешітінің молдасы болған.

 

  1. Сатаев Рысмембет – 1872 жылы Түркістан қаласында туған, қарауыл болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1989 жылы 31.05-ақталған.

 

  1. Сайдалиев Абдуғани – 1899 жылы Түркістан стансасында туған, өзбек, «Жигули» кондорында мастер болған. 1938 жылы 26.10-сотталған. 1959 жылы 21.03-ақталған.

 

  1. Сухо-Иванов Джео Василий Степанович – 1909 жылы Түркістан қаласында туған, орыс, кірпіш зауытының бас инженері болған. 1938 жылы 23.05-сотталған. 1957 жылы 23.11-ақталған.

 

  1. Таутынбаев Садық – 1910 жылы Түркістан қаласының Қандөз ауылында туған, қазақ, «Баспаққұр» колхозының төрағасы болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Тасанов Есжан – 1874 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ, жеке шаруагер болған. 1937 жылы 11.10-сотталған. 1957 жылы 11.04-ақталған.

 

  1. Тастанбеков Мырзахмет – 1903 жылы Түркістан қаласының Үшқайық ауылында туған, қазақ, облыстық білім бөлімінің инспекторы болған. 1942 жылы 31.03-сотталған. 1957 жылы 17.07-ақталған.

 

  1. Тағыбаев Асан – 1888 жылы Түркістан қаласының Хантағы ауылында туған, Хантағы кенішінде өрт сөндіруші болған. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1955 жылы 23.12-ақталған.

 

  1. Тәжіқожаев Асан – 1910 жылы Түркістан қаласының Қандөз ауылында туған. Советтердің VIII съезі атындағы колхоздың төрағасы болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Тәжікеев Үйсен – 1889 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ, жеке шаруагер болған. 1937 жылы 11.10-сотталған. 1957 жылы 11.04-ақталған.

 

  1. Төрежанов Мұхамедраймов Әбілқасым – 1867 жылы Түркістан қаласының Балтакөл ауылында туған, молда-имам болған. 1937 жылы 28.11-сотталған. 1957 жылы 17.10-ақталған.

 

  1. Турсунқожаев Тұяқ – Түркістан қаласында туған, өзбек. Сталин атындағы колхоздың төрағасы болған. 1937 жылы 30.12-сотталған. 1958 жылы 30.01-ақталған.

 

  1. Убайдуллаев Сайфулла – 1898 жылы Түркістан қаласында туған, өзбек. «Саюзқожа» кеңесінің егенті болған. 1938 жылы 15.10-сотталған. 1948 жылы 28.07-ақталған.

 

  1. Умарходжаев Алиш – 1892 жылы Түркістан қаласында туған, өзбек, молда болған. 1937 жылы 01.11-сотталған. 1957 жылы 17.01-ақталған.

 

  1. Усманов Юсупхан – 1893 жылы Қытайда туған. Түркістан қаласында «Қызыл Октябрь» колхозында жұмыс атқарған 1938 жылы 02.09-сотталған. 1989 жылы 19.08-ақталған.

 

  1. Үсенов Әбдіжаппар – 1904 жылы Түркістан қаласының Бабайқорған ауылында туған, қазақ, ауылдық кеңестің төрағасы болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1956 жылы 03.11-ақталған.

 

  1. Өтегенов Садық Халмұхамедович – 1874 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ, мұғалім болған. 1937 жылы 19.11-сотталған. 1957 жылы 17.07.-ақталған.

 

  1. Файзаков Самуил Хойсаламанович – 1904 жылы Түркістан қаласында туған, еврей, ШҚЗ-да сауда бөлімінің меңгерушісі болған. 1938 жылы 30.09-сотталған. 1956 жылы 19.06-ақталған.

 

  1. Хангельдиев Әбдіжаппар – 1869 жылы Шорнақ ауылында туған, өзбек, Фрунзе атындағы колхоздың мүшесі болған. 1937 жылы 19.11-сотталған. 1957 жылы 03.12-ақталған.

 

  1. Халтаев Жұраш – 1916 жылы Түркістан қаласында туған, өзбек, «Еңбекші артелінде» шайханашы болған. 1938 жылы 14.02-сотталған. 1963 жылы 30.10-ақталған.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

Түркістан қаласында санитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік күшейтіледі

«800 адам үлесін қосты»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Түркістан қаласында жыл соңына дейін 11096 адам жұмыспен қамтылмақ

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

Соңғы жазбалар

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

21 Мамыр, 2025

Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

21 Мамыр, 2025

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

21 Мамыр, 2025

Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда

21 Мамыр, 2025

Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді

21 Мамыр, 2025

Алматыда BRT желілерін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады

21 Мамыр, 2025

«Қабырғасы пышақталған»: Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты сараптама қорытындысы жария етілді

21 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.