Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді

16 Шілде, 2025

«200 мың долларды 170 деп өзгертіңдер»: алаяқтықты аса шебер меңгерген Перизат Қайраттың тағы бір айласы әшкере болды

16 Шілде, 2025

«Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

16 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді
  • «200 мың долларды 170 деп өзгертіңдер»: алаяқтықты аса шебер меңгерген Перизат Қайраттың тағы бір айласы әшкере болды
  • «Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?
  • «Жарқырау үшін сыну керек болды»: Мөлдір Мұқанованың бейнежазбасы жұртты ойландырды
  • Алматы әуежайында қызды тұтқынға алған Баратов 11 жылға бас бостандығынан айырылды
  • Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр
  • «Махаббат құрайық»: әлеуметтік желіде лайк басу қыз-келіншектерді аңдудың құралына айналған ба
  • Баян Мақсатқызының жаңа әні башқұрттың Хомайынан ұрланған деген сынға ұшырады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 17 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлық университетіне 5 жыл

Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлық университетіне 5 жыл

10 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті құрылған болатын. Бүгінде Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар дайындауда. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онда отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқуда. Бүгін Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметі туралы ақпаратпен бөліспекпіз.

Туризм саласында кадр даярлаудың өзектілігі

Қазақстандағы туризм индустриясы – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан іргелі салаларының бірі. Дүниежүзілік Туризм Ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін қамтамасыз етеді, бұл — халықаралық инвестициялардың 11 пайыздан астамы, әлемдік өндірістегі әр 9-шы жұмыс орны. Сонымен қатар, саланың осы күнге дейінгі өткір мәселесі – білікті кадрлар дайындау әлі де шешілмеді. Кәсіби мамандардың жетіспеуі қызметтердің сапасына және туристердің жалпы әсеріне теріс әсер етуі мүмкін. Осы тұрғыда туризм бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарды, сондай-ақ басқа елдермен алмасу бағдарламалары мен тағылымдамаларды дамыту шешуші рөл ойнайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне сәйкес қазіргі уақытта елімізде «Қызмет көрсету саласы» бағытында (туризм, мәдени-демалыс жұмысы, мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі) «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауды 45 жоғарығы оқу орны жүзеге асырады. Елімізде «Қызмет көрсету саласы» бағыты бойынша білім алушылардың саны 2023-2024 оқу жылында 14 270 адам болды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитыны – 7 163 адам. Биыл 2 924 адам оқу бітірді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандар – 1 205 адам. 78,9%-ы жұмысқа орналастырылды, бұл елдегі туризм индустриясының барлық спектрінде білікті кадрлардың жетіспейтін санын толықтыруды қамтамасыз ете алмайды. Туризм саласында білікті кадрларды даярлау арқылы туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бөлетін нысаналы гранттар негізінде мамандандырылған кадрлар даярлайтын «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

Ұйымдастырылу нысаны және қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» №129 қаулысына және ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 378 бұйрығына сәйкес мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны – коммерциялық емес акционерлік қоғам. «Коммерциялық емес ұйым деп негізгі мақсаты кіріс табу және тапқан таза кірісті қатысушылар арасында бөлу болмайтын заңды тұлға танылады» деген анықтамаға сәйкес Университет студенттерді жан басына шаққандағы қаржыландыру құнынан түскен кірістерді ЖОО-ны дамытуға және білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін жағдай жасауға бөледі. Университет өз қызметін келесі лицензиялар негізінде жүзеге асырады: 2020 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ білім беру қызметімен айналысуға №KZ05LAA00018250 Бас лицензия берді. Университетті құру Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген. Оны құрудың мақсаты – «туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру», ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында жазылған. Университет миссиясы — қызмет көрсету саласы үшін Қазақстанның бірегейлігін нақты түсінетін және өз елін әлемдік деңгейде танымал етуге өмірін арнауға дайын мамандарды даярлау.

Кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері

Университет – Еуропалық жоғары оқу орындарының озық халықаралық стандарттарын қолдана отырып, 12 білім беру бағдарламасы бойынша туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, яғни, кәсіпорында, ал оқу уақытының 40%-ын ЖОО-да жүргізеді. Университетте қызмет көрсету саласындағы халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлерінің қатарына кіретін адъюнкт-профессорлар (15 адам) сабақ береді, ағылшын тілінде оқитын топтарды шет елден (Түркия) келген ғалымдар оқытады, университетке жоғары білікті оқытушылар елдің түкпір-түкпірінен жиналған және олар туризм саласындағы 70-тен астам стандарттарды әзірлеуге белсенді түрде қатысады. 2024 жылдан бастап 3 жылдық оқыту жүйесі іске асырылуда. Сабақтар триместрлер бойынша ұйымдастырылған: 10 апталық теориялық дайындық кезеңі, ал студенттер 3 жыл ішінде бакалавр дәрежесін алады. Осы арқылы университет осы жүйе бойынша туризм саласы үшін кадрлар даярлайтын елдегі жалғыз жоғары оқу орны болып отыр. Білім беруді қолжетімді ету үшін университет базасында білім беру контенті жасалды, оқытылатын пәндер бойынша ҚБТ (қашықтықтан білім беру технологиялары) қолдана отырып оқытуды қамтамасыз ету үшін 2000-нан астам бейнедәрістер жазылды, бұл білім алушылардың оқу үдерісін дербес бақылауына, кез келген ыңғайлы уақытта жұмыстан қол үзбей оқуына мүмкіндік берді. Теориялық материалды сапалы меңгеру үшін сабақтың тәжірибелік бөлігі туризм саласындағы мекемелер, қонақүйлер, туристік фирмалар, мұражайлар, әуежайлар және мейрамханалар базасында ұйымдастырылады. Осы кескін бойынша дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда (60% — кәсіпорында, 40% — ЖОО-да). 2024-2025 оқу жылында 3 және 4 курс студенттерін (1012 білім алушының 750-і) даярлау дуальды түрде жүргізіледі, бұл теориялық және практикалық оқытуды тікелей өндіріспен біріктіруге мүмкіндік береді. Университет 70-тен астам салалық ұйымдармен дуальды оқыту туралы шарттар жасасты, олар білім алушылардың туристік саладағы халықаралық стандарттар бойынша құзыреттерінің қалыптасуына ықпал етті, мысалы: «Rixos» желісі, «Hilton» желісі, St. Regis Astana Hotel 5*, The Ritz-Carlton, Astana; Sheraton Astana Hotel 5*; CP Hotel Atyrau Renaissance Atyrau; Redisson Astana Hotel 5*, Grand Aiser Hotel 4*, Alibaba tour, BR Trevel және Happy Travel. Сондай-ақ, ЖОО білім беруді жаһандандыру мен интерұлттандыруға ерекше көңіл бөледі, студенттер мен оқытушылар түрлі халықаралық білім беру бағдарламаларына белсенді түрде қатысады. 2021 жылдан бері 68 студент шетелдік өндірістік практика және ұтқырлық бағдарламасына қатысты (Тайланд, Түркия Республикасы). Халықаралық зерттеу жобаларын құру және академиялық артықшылықты қалыптастыру мақсатында 2024 жылы профессор-оқытушылар құрамы «Hilton Astana»-да тағылымдамадан өтті, 2 педагог Түркияның Анкара қаласындағы YTB SCHOLARSHIPS орталығы ұсынған ғылыми тағылымдаманың үш айлық халықаралық шәкіртақысына ие болды, 1 оқытушы Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ридинг университетінде тағылымдамадан өтіп жатыр, жеті оқытушы түрлі жылдары Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетіне (Өзбекстан Республикасы) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барды, сондай-ақ, 1 оқытушы Венгриядағы Корвиннің Будапешт университетінде болды. Университет аймақты және саланы дамытуға қызығушылық танытады, шағын біліктіліктерді қалыптастыратын, еңбек нарығын қажет құзыреттерді меңгерген мамандармен қысқа мерзім ішінде қамтамасыз етуге және нарықтың жылдам өзгеретін жағдайларына бейімделуге мүмкіндік беретін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы еңбекке қабілетті тұрғын халықтың біліктілігін қайта дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мысалы: «Гид-экскурсоводты даярлау негіздері» (Түркістан қ. әкімдігінің қызметкерлеріне арналған, 40 адам), «Гид-экскурсоводты даярлау негіздері» (Күміс университеттің тыңдармандары арналған, 30 адам), «English for Tourist Police officer» (Түркістан қ. туристік полициясына арналған, 15 адам). Биыл Университетті алғашқы 460 түлек екі бағыт бойынша бітірді, олардың 57%-ы үш ай ішінде жұмысқа орналастырылды. Табысты оқытудың нәтижесі – жұмысқа орналасу көрсеткіші, университет түлектері Түркістан облысындағы туристік қызметтер мен қызмет көрсету саласының 80%-ын қамтиды және «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, «Double Tree by Hilton» Алматы, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ, «Жастар ресурстық орталығы», Rixos Water world Aktau, «Скат әуекомпаниясы», «Rixos Turkestan», туристік фирмалар, түрлі деңгейдегі гастрономиялық мекемелер, түрлі бағыттағы турларды ұйымдастыратын компаниялар және тағы сол сияқты ұйымдарда жұмыс істейді.

Университеттегі ғылым

2022 жылғы қыркүйек айында Университет жанынан Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды, оның негізгі міндеттерінің бірі – іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Биыл 5 жоба іске асырылуда: Ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды пайдалана отырып, туризм саласы мамандарының коммуникативтік-танымдық құзыреттілігін жетілдіру (жетекшісі М. М. Акешова) — гранттық қаржыландыру сомасы 70 058,96 мың теңгені құрайды, іске асыру мерзімі — 2023 жылдан 2025 жылға дейін; Әлемдік деңгейде Қазақстан туризмін жақсарту мақсатында саяхатшылардың пікірлерін сүйеніп, үлкен деректерді талдау (Big Data) және мәтін өңдеу (жетекшісі М. Н. Абдикаримова) — гранттық қаржыландыру сомасы 69 863,37 мың теңгені құрайды, іске асыру мерзімі — 2023 жылдан 2025 жылға дейін; Шет тілдерді оқытуда геймификация мен арт-терапияны қолдана отырып, туризм мамандарының лингвокоммуникациялық креативтілігін ұйымдастырып дамыту (жетекшісі Г.А. Ризаходжаева) — гранттық қаржыландыру сомасы 74 188,70 мың теңгені құрайды, іске асыру мерзімі — 2024 жылдан 2026 жылға дейін; Жасанды интеллектті пайдалана отырып, әлеуметтік желілердегі жастар арасындағы кибербуллингті автоматты түрде анықтау (жетекшісі Р.Б.Абдрахманов) — гранттық қаржыландыру сомасы 59 772,29 мың теңгені құрайды, іске асыру мерзімі — 2024 жылдан 2026 жылға дейін; Түркістан облысының діни туризм объектілерінің ақпараттық әлеуетін зерттеу: мультимедиялық интербелсенді атласты 4 тілде әзірлеу (жетекшісі А.Ж. Малдыбек) — гранттық қаржыландыру сомасы 29 885,36 мың теңгені құрайды, іске асыру мерзімі — 2024 жылдан 2026 жылға дейін; 2023 жылғы қыркүйектен бастап «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» халықаралық журналы шығарылады, оған 2023 жылғы 29 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті куәлік берді.

Әскери кафедра

2023 жылы Университетте Әскери кафедра ашылды, ол жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуа маңызды рөл ойнайды. Түркістан облысындағы алғашқы және жалғыз әскери кафедра Университет базасында орналасқан. Кафедра өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, әскери жарғыларды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің және Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

Келешекке жоспарлары

Қызметін бастағанына аз уақыт болғанына қарамастан, Университет білім беру аренасында өзін елдің озық салалық жоғары оқу орны ретінде танытып үлгерді және қысқа уақыт ішінде жергілікті аймақтық ЖОО рөлінен өсті. Университетте өз саласының топ-менеджерлерінің қатарына кіретін 159 үздік профессор-оқытушылар құрамы, еліміздің барлық аймақтарынан келген 3000 студент бар. Университет Стартап, ғылыми зерттеулер, ішкі инвестициялық жобалар сияқты бастамашыл студенттік жобаларға қолдау көрсетеді, білім алушылардың жұмысқа орналасуына жан-жақты көмек көрсетеді, аккредиттеу стандарттарын әзірлейді, қызмет көрсету және туристік индустрия саласында сапаны тәуелсіз бағалау енгізді, магистратураның, МВА-дың және докторантураның білім беру бағдарламаларын дайындау арқылы тұрақты сабақтастықты дамытуд жоспарлап отыр: ғылыми кадрлардың жетіспеу мәселесін шешу, материалдық-техникалық базаны жақсарту, заманауи оқу және зерттеу кеңістіктерін – зертханаларды құру.

Университеттегі ұстаздар

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ білім алушыларының жалпы саны 2639 адамды құрайды. ПОҚ қоса алғанда қызметкерлердің жалпы саны 223 адамды құрайды. Университетте Wismar University (Германия), University of British Columbia (Канада), Tenago National University (Малайзия), Xinjiang University (Қытай), Istanbul University, Ankara University, Gazi University (Турция) және Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) сияқты бірқатар шетелдік университеттердің түлектері жұмыс істейді. Кейбір қызметкерлер University of Paris (Сорбонна, Франция), Ankara University, Ankara Hacı Bayram Veli University, Gazi University (Түркия), Colorado School of Mines (Колорадо, АҚШ) университеттеріннен шетелдік тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, бұрыннан және қазіргі уақытта Қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде (Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік, тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы), Ұлттық тестілеу орталығында, Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығында, Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығында, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында сарапшы болып табылатын қызметкерлер де бар.

Оқылып жатыр

Түркістан әкімі қаладағы интернет-алаяқтық деректерінің артуына назар аударды

«Jas keñes siyligi» жастар байқауының жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден беріледі

Түркістанда тозған электр желілері толық түгенделеді – әкімдік

Түркістанда ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Соңғы жазбалар

Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді

16 Шілде, 2025

«200 мың долларды 170 деп өзгертіңдер»: алаяқтықты аса шебер меңгерген Перизат Қайраттың тағы бір айласы әшкере болды

16 Шілде, 2025

«Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

16 Шілде, 2025

«Жарқырау үшін сыну керек болды»: Мөлдір Мұқанованың бейнежазбасы жұртты ойландырды

16 Шілде, 2025

Алматы әуежайында қызды тұтқынға алған Баратов 11 жылға бас бостандығынан айырылды

16 Шілде, 2025

Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

16 Шілде, 2025

«Махаббат құрайық»: әлеуметтік желіде лайк басу қыз-келіншектерді аңдудың құралына айналған ба

16 Шілде, 2025

Баян Мақсатқызының жаңа әні башқұрттың Хомайынан ұрланған деген сынға ұшырады

16 Шілде, 2025

«Осылардың әйелдері не деген шыдамды?»: Жаңқош Тұраов «бабник» деген атқа қалды

16 Шілде, 2025

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

16 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.