Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
  • «Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістандағы Сауран секторында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр

Түркістандағы Сауран секторында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр

28 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесуін Сауран секторында өткізіп, тұрғындармен жүздесті. Ашық диалог форматында өткен басқосуда қала басшысы 2024 жылы осы сектор тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу барысын баяндап, атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстармен жан-жақты таныстырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында тұрғындар аула тазалығы, жол сапасы мен қауіпсіздігі, ойын алаңдарының жетіспеушілігі, қоғамдық көлік қозғалысының тұрақсыздығы, жарықтандыру және инженерлік инфрақұрылым бойынша түйткілді мәселелерді көтерді. Әкім әрбір сұраққа жеке тоқталып, нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Қазіргі таңда Сауран секторында бірқатар инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, А.Жангелдин көшесінде балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы салынуда. Б.Майлин көшесіндегі айналма жолда шағын сәулет формаларын (МАФ) орнату басталды. №1 және №2 мөлтек аудандарында аулаларды абаттандыру, ойын алаңдарын жөндеу және жарық шамдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, О.Жарылқапов көшесіне жол белгілері орнатылып, Әл-Фараби көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Энергетиктер көшесінде аулаішілік абаттандыру жұмыстары басталды. Мұның бәрі қала инфрақұрылымын жүйелі жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі.

Сектордағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су тарту және қайта құру жұмыстары жоспарланған. Қазір осы бағыттағы 2-кезек жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау көзделуде.

Кездесу соңында Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініш-шағымдарын тыңдады. Әрбір мәселе бойынша тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда. Бүгін, 28 мамыр күні сағат 15:00-де әкім Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте тұрғындармен кездесті. Ертең, 29 мамырда кездесу сағат 10:00-де – Мәдени рухани орталықтағы «Ұлы Дала орталығы» кешенінде, ал сағат 15:00-де ӘІО-ның 9-шы көшесінде орналасқан №33 мектепте өтеді.

Бұл кездесулер қаланың барлық секторларындағы өзекті мәселелерді назарға алып, халықтың сұраныстарына жедел жауап беруге бағытталған.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025

1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады

1 Желтоқсан, 2025

«Бір топ баланы шекарадан заңсыз алып өтпек болған»: қаптаған қалың қытай қазақ балаларын ұрлауға көшті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.