Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмысы

Түркістандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмысы

17 Қыркүйек, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістандағы 2021 жылғы 14 қаңтардағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы» №6 қаулысына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссия және 63 адамнан құралған арнайы жұмыс тобы құрылып, бағыттарға топтастырылды, деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірлік комиссияның құрылуы және мақсаты

Өңірлік комиссияның құрылуы Қазақстанның тарихындағы қиын кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау және олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында жүзеге асырылды. Комиссияның негізгі міндеті – тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін анықтау, оларды ақтау және осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу. Комиссия құрамына тарихшылар, архив қызметкерлері, ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқа да мамандар кірді. Олар арнайы бағыттарға бөлініп, әрқайсысы өз саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Бағыттардың анықталуы және олардың жетекшілері

Шымкент қалалық жұмыс тобының жұмысын қайталамау үшін Х бағыт (X. 1939-1945 жылдары фашистік Германияның, Финляндияның және басқа да Еуропа елдерінің тұтқынында қалған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ Түркістан легионында уақытша болған қазақстандық әскери тұтқындарды зерттеу, қорытынды дайындау және оңалту жөнінде ұсынымдар дайындау жөніндегі жұмыс тобы) облыстық комиссиядан алып тасталды.

Комиссияның негізгі бағыттары және олардың жетекшілері туралы:

  1. III бағыт: 372 көтерілісті басу кезінде сотсыз немесе тергеусіз атылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ соттан тыс және сот органдарының осы көтерілістерге қатысқаны және қолдағаны үшін қуғын-сүргінге ұшырағандарын зерттеу, қорытынды жасау және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Сандыбаева Ақмарал Дайырқызы.

  2. IV бағыт: Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Динашова Ләззат Сәрсенбекқызы – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Гуманитарлық мектеп» директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

  3. V бағыт: Кулактар, байлар, жартылай феодалдар (орта шаруалар) және шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Шардарбекова Гүлнара Садібекқызы – «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  4. VI бағыт: 1916-1930 жж. мемлекеттің жазалаушылық әрекеттері мен биліктің саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындарды ақтау бойынша зерттеу, ұсыныстарды дайындау және енгізу жұмыс тобы.

    Жетекші: Тұрсын Хазретәлі – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы.

  5. VII бағыт: Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, салық салу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Исатаева Айдын Кеңесбайқызы – «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  6. VIII бағыт: Ақталмаған қазақстандықтар НКВД ГУЛАГ-ының 26 лагерінде болған саяси қуғын-сүргін құрбандары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Хазіретәліқызы Райгүл – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғылыми қызметкері, философия докторы (PhD).

  7. IX бағыт: Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін саяси баяндамаларға қатысушылардың (адамдар тобының), қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақтауға арналған пікірлер мен ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Тасыбекова Камшат Қиятқызы – «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары.

  8. XI бағыт: Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

    Жетекші: Кенжетай Досай – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор.

Жұмыс тобының атқарған негізгі жұмыстары

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері бойынша құрылған облыстық комиссия мен жұмыс тобы бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін, негізінен архив құжаттары мен естеліктер, сұхбаттар арқылы жинақтады. 2022 жылы облыстық деңгейде 7 жинақ, 1 монография, 1 ақтауға ұсынылғандар тізімі жарыққа шығарылды. Республикадан жарық көрген 34 томға 2 том дайындап берді.

2023 жылғы жұмыстардың нәтижелері ретінде дайындалған жинақтар:

  • «Өзбекстан, Тәжікстанға ауа көшкендердің тарихы» архивтік құжаттары мен зерттеулер жинағы.
  • «Алаш қозғалысы Түркістан қанатының тарихы» архивтік құжаттары мен материалдар жинағы.
  • «Түркістанға депортацияланғандардың құжаттары» жинағы.
  • «Халық жады» көптомдығының «Түркістан облысы бойынша қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының естеліктер жинағы».

Сонымен бірге, облыстық деңгейде 8 құжаттар жинағы, 12 монография дайындалып, баспаға ұсынылды.

Зерттеу-іздестіру барысында анықталған мәселелер:

  1. Есімдері ұлықталуға тиісті тұлғалар:
    • Сералы Лапин
    • Рахым Отарбаев
    • Ыдырыс Мұстамбаев
    • Сейітбек Кенбаев
    • Уәш Бабаев
    • Сейфолла Османов
    • Файзулла Ғалымжанов
    • Садық Өтегенов
    • Әзімхан Кенесарин
    • Серқұл Алдабергенов
    • Сәруар ишан Ибадуллаев және т.б.

    Бұл тізім алдағы уақытта толықтырылатын болады. Тұлғалардың әрқайсысының өмір жолы, олардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауының себептері, қызметтері туралы жан-жақты зерттеулер жүргізілуде.

  2. Шаруалар көтерілістері бойынша:
    • Созақ, Бостандық, Қызылқұм көтерілістерінің басшыларынан 14 жетекші анықталды.
    • Көтеріліске қатысқаны үшін тікелей қуғындалғандардың болжамды жалпы саны 2500-ден астам.

    Бұл көтерілістердің тарихы, қатысушылардың есімдері, олардың тағдырлары туралы мәліметтер архивтік құжаттар мен ауызша деректер арқылы жинақталды.

Түркістан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген, шайқас болған, атылған жерлерінен бүгінгі күнге дейін анықталып, ресми танылған жерлер мыналар:

  1. 1930 жылғы ақпан айындағы Созақ көтерілісін басып-жаншу және қуғындау барысында анықталған жаппай жерлеу орындары:
    • Ақтас: Созақ ауылының ортасында орналасқан бұл жерде 40-50 көтерілісшінің мүрдесі көмілген. Волонтерлер ескерткіш белгі орнатқан, бірақ мемлекет есебіне алынбаған.
    • Тастақсай: Созақтан 2 шақырым жерде орналасқан бұл жерде шайқас кезінде қаза болғандар мен шайқастан кейін атылғандар жерленген. Нақты саны белгісіз, ескерткіш белгі жоқ.
    • Дуана: Созақтан 10 шақырым жерде орналасқан бұл жерде концентрациялық лагерь үлгісінде жертөлелер қазылып, көтеріліске қатысқандардың туыстары қамалған және азапталған. Жанында жаппай жерлеу белгілері бар, бірақ толық анықталмаған. Нақты қанша адамды қамтығаны белгісіз, ескерткіш белгі жоқ.
  2. 1931 жылғы Қызылқұм көтерілісі:
    • Қатысушылар және атылғандарға арналып Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Кенимех ауылына таяу жерге ұрпақтары ескерткіш белгі орнатқан. Ескерткіш жаңғыртуды қажет етеді.
    • Осы іс бойынша 14 адам атылған, 8 адам 10 жылға, 3 адам 5 жылға сотталған. Қылмыстық істер ҚР Президентінің Архиві қорында. Істі құпиясыздандыруға ұсынылғанымен, қолымызға тимеді. Қатысқан, жазаланғандар саны нақтыланбады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы керек.
    • Көтеріліс басшысы Ағатай Қарақұловтың қайраткерлігі мемлекеттік деңгейде ұлықтауға лайық.
  3. Бостандық ауданындағы көтеріліс бойынша:
    • Іздестіру жұмыстары тек архивтермен шектелді.
    • Геосаяси және қаржылық жағдайға байланысты экспедицияға баруға мүмкіндік болмады.
  4. 1921-1923 жж. және 1931-1933 жж. ашаршылық кезінде аштық пен аурудан қайтыс болғандарды жаппай жерлеу орындары туралы құжаттық және ауызша деректер жиналды:
    • Түркістан қаласының төңірегі: Темір жол станциясының жанында аштықтан қайтыс болғандардың қорымы бар.
    • Шәуілдір мен Темір станциясының арасындағы зираттар.
    • Сарыағаш ауданындағы Дарбаза стансасының жанында: Ташкентке ағылған ашаршылық босқындарын пойыздан алып қалып, фильтрация жасаған. Аштықтан, аурудан өлгендер жерленген. Қорым ауқымды, нақты жерленгендер саны белгісіз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы керек (жерленгендер санын анықтау, қорымды қорғауға алу т.б.). Құжаттары Ташкент архивтерінде, бірақ қолжетімсіз болды.
  5. Сырдария округі аумағынан (қазіргі Түркістан облысы және Жамбыл, Қызылорда облыстарының жартысы) Өзбекстан мен Тәжікстанға ауа көшушілер мен ашаршылық босқындарының болжамды саны 500-550 мың шамасында.
    • Тәжікстанда 1930-1935 жылдары 100 мың қазақ ауа көшушілері кірекештік жасап, ауыл шаруашылығы мен құрылыстарда жұмысқа тартылғаны анықталды.
    • Қазақтарды көшіріп алуға Тәжікстан Үкіметі арнайы жоспармен жұмыс жасағаны да анықталды.
    • Өзбекстандағы ауа көшушілердің құжаттары қолжетімсіз болды.
  6. Өңірде күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың болжамды саны 350 мың адам.
    • Іздестіру жұмыстары жалғасуда, мәліметтер толықтырылатын болады.
  7. Науқан салықтары барысында қуғындалғандар саны:
    • Құжаттық негізде анықталғаны – 1200 адам.
  8. Облыс бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшырып, әртүрлі жазаға тартылғанымен осы кезге дейін құқықтық тұрғыда ақталмағандардың жалпы саны – 6248 адам.
  9. Қазіргі кезде музейге айналдырылған Шаян мешіті мен медресесі өз мақсатына қызмет етуі керек.
    • Бұл тарихи нысандарды қалпына келтіру, олардың бастапқы қызметін қайта жандандыру мәселелері қарастырылуда.

Мәселенің зерттеу нәтижелерін нақтылау үшін Мәскеу, Тәжікстан және Өзбекстан архивтерінде жұмыстар жалғасуы керек.

  • Бұл елдердің архивтерінде сақталған құжаттар біздің зерттеулерімізді толықтырып, қуғын-сүргін құрбандары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.
  • Геосаяси жағдайлар мен қаржылық мәселелерге байланысты бұл жұмыстарды жүзеге асыруға белгілі бір кедергілер бар, бірақ алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу жоспарлануда.

Қорытынды және ұсыныстар

  • Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы жалғасуда.
  • Алдағы уақытта анықталған тұлғаларды ақтау, олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру шаралары жүзеге асырылады.
  • Жаппай жерлеу орындарын мемлекет есебіне алып, ескерткіш белгілер орнату қажет.
  • Архивтік құжаттарды қолжетімді ету, оларды зерттеушілерге ұсыну мәселелерін шешу маңызды.
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Мәскеу, Тәжікстан, Өзбекстан архивтерінде зерттеу жұмыстарын жалғастыру керек.
  • Ашаршылық құрбандарының нақты санын анықтау, олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру шараларын ұйымдастыру қажет.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау және қоғамның белсенділігі арқылы біз тарихымыздың осы бір ауыр кезеңін толық зерттеп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және олардың есімдерін мәңгі есте қалдыруға мүмкіндік аламыз.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.