Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістандағы тәртіп: полицейлер синтетикалық есірткілерді сатумен айналысқан жігітті ұстады

3 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында жедел уәкілдермен бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар ізін суытпай ашылды (насыбай өндіретін миницех пен 3 дана станок және 15 тонна шикізат, ұрланған ірі қара, «Hyundai» автокөлігі, 28 дана мефедрон,3 арнайы жүк көлігі, 9 келіге жуық марихуана, пистолет пен 15 оқ-дәрі тәркіленді)

Өткізілген жедел-профилактикалық және жедел іздестіру іс-шараларын жақсартуға бағытталған, криминогендік жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылық пен қылмысты анықтау және жолын кесу мақсатында Түркістан облысының жедел қызметтерімен бірқатар қылмыстар ізін суытпай ашылды.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов жедел қызметкерлердің таяу арада атқарған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді: «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Келес ауданында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Полициямен күдіктілер, яғни үш жергілікті тұрғын мен сатып алушы ұсталды. Олардың мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Барымташылардан ірі қара мен «Hyundai» маркалы автокөлік тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

Ал Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Сайрам ауданында жергілікті тұрғынды ұстады, оның үйінен «насыбай» өндіретін цехті тапты. Тінту кезінде полицейлер «насыбай» өндіруге арналған 15 тонна шикізат, дайын темекі заты бар 40 қап және 3 қолдан жасалған станок тәркіледі.

«Сонымен қатар Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Сауран ауданында қиыршық тасты заңсыз өндірумен айналысатын адамдар тобын құрықтады. Құқық бұзушылардан жүк тиегіш пен екі жүк көлігі тәркіленді, олар айыппұл тұрағына орналастырылды», — деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында «синтетикалық есірткілерді» сақтау мен өткізу фактісінің жолын кесті. Жедел уәкілдер күдікті ретінде Алматы қаласының тұрғынын ұстады, одан 3 есірткі орамасы тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің жасырып кеткен 25 дана есірткілері де дер кезінде анықталып, тәркіленді. Адам денсаулығына қауіп төндіретін аса зиян синтетикалық препараттың жалпы салмағы шамамен 50 грамм «мефедрон» болып шықты

Жедел қызметтің тағы бір басқармасы Экстремизмге қарсы іс-қимыл. Аталған басқарма қызметкерлерімен Ордабасы ауданында ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдікті ұсталды. Оны тінту кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 9 келіге жуық «марихуананы» тәркіледі.

Сонымен қатар осы басқарма қызметкерлерімен тінту кезінде Түлкібас ауданының тұрғынынан пистолет пен 15 оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Түркістан облысының аумағында полициямен қылмыстарды ашу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.»,- деп атап өтті полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

 

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.