Фото: © AP Photo / DIA Photo/Mert Gokhan Koc
Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортында болған өрттен қаза тапқандардың саны 76-ға жетті. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая мәлім етті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Министр мәліметіне сәйкес, төтенше жағдайға қатысты тергеу аясында тоғыз адам ұсталды, оның ішінде қонақүй иесі де бар.
Карталкая демалыс орнында өрт өткен түнде шыққан. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1974 жылы салынған қонақ үйдің ағашпен қапталғаны өрттің тез таралуына ықпал еткен. Аман қалған қонақтардың бірі айтқандай, ғимаратта түтін детекторлары мен өрт сөндіргіштер болмаған.
Қонақ үйде барлығы 237 адам тұрған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін өрт туралы жазған едік. Өрт салдарынан бұған дейін Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде болған өрт салдарынан 66 адам қаза тапты,-деп жазған едік.