Түркияда дәрігерлікке оқып жүрген қазақстандық студент Қарақат Байтұрғанованың ұлын жеті түрік азаматы соққыға жығып, оның паспорты мен телефонын тартып алған. Бұл туралы студенттің анасы әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Полиция арыз қабылдаудан бас тартқан
Студенттің анасының айтуынша, оқиға кезінде ұлын полиция қызметкерлері көрген, бірақ қылмыскерлерден толық қорғай алмаған.
«Менің Түркиядағы баламды 7 түрік азаматы ұрып-соғып, паспорты мен телефонын тартып алған. Осы кезде оны полиция көрген. Балам көмек сұрағанда, олар қылмыскерлерді қуған, бірақ кейін жайларына кетті. Баламның арызын қабылдамай жатыр. Ол екі күннен кейін Қазақстанға қайтуы керек болған», – деп жазды ол.
Қазақстандықтар көмектесіп, консулдық іске араласты
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан кейін Түркиядағы қазақстандықтар мен консулдық іске араласып, полиция арызды қабылдады.
«Консулдықтан да хабарласты, өз бақылауына алады. Түркияда жүрген қазақстандықтар балама көмектесті. Баламды ұрып жатқан видео да бар, оны полиция алды. Құжаттары бойынша көмек көрсетіледі, елге орала алады деді», – деп мәлімдеді студенттің анасы.
Қазіргі таңда оқиға Түркиядағы құқық қорғау органдарының бақылауына алынған.
@karakat_19890 #правительства#правительствоказахстана #токаев ♬ оригинальный звук — Каракат Байтурганова