Сағат 07.00 шамасында 112-ге автобус Мугла провинциясында аударылды деген хабарлама келді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 турист жарақат алып, ауруханаларға жеткізілген.
– Оқиға орнына келген бригадалар ресейлік және қазақстандық туристер тұрған автобустан жараланған 13 адамды шығарып алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаларға жіберді, – деп хабарлайды БАҚ.
Полиция тергеуді бастады. Жүргізуші ұсталды. Cumhuriyet газеті жол апатының Бодрум-Миляс жолында болғанын хабарлайды. Микроавтобус жүк көлігімен соқтығысып, оны жол жиегіне лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің алған жарақаты өміріне қауіп төндірмейтіні аталып өтеді.
Қазақстан СІМ әзірге болған оқиғаға түсініктеме берген жоқ.