Түркияның Анталия қаласында жер сілкінісі болды.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Түркияның Анталия қаласында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісі теңіз жағалауындағы Алания ауданында, 7 км тереңдікте болды. Эпицентрі де сол жерде анықталды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.