Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркияға барған туристер жаппай тоналып, барынан айырылып жатыр

Түркияға барған туристер жаппай тоналып, барынан айырылып жатыр

9 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүкіл Түркияны дүр сілкіндіріп, дүрбелеңге түсірген ірі дау-жанжал бұрқ етті. Құзырлы органдар Түркияның курорттарында тарихта болмаған кең ауқымды афераны әшкереледі.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, полиция арнайы операция барысында 20 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін тұтқындады.

Топ салыстырмалы түрде шағын болғанымен, олардың жасаған былығы бүкіл ел беделіне дақ түсіргендей: алаяқтар әлемнің әр бұрышынан келіп, елде бейғам тыныққан туристердің банктік шоттарындағы қаражатты және жинақтарын ұрлап алған.

Шетелдіктерге келтірілген шығынның ауқымы алдын ала есептеменің өзінде 1 миллиард 150 миллион лираға (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 14 миллиард 950 миллион теңгеге немесе шамамен 29 миллион долларға) жетті.

Залал бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені алданғандардың бәрі бірдей түркиялық полицияға қашықтан шағым жазбаған, шок болған күйі өз елінде қалған.

Болған жайтты журналистерге қазақстандықтар арасында да танымал, Түркияның Эгей теңізі жағалауындағы туристік орталықтарының бірі – Кушадасы қаласының прокуратурасы айтып берді.

Бұл ретте туристердің еш кінәсі болмаған, олар банктік картасын ешкімге тапсыра салмаған, жоғалтпаған, фишингтік ресурстарға сілтемемен өтпеген. Есесіне, олардың банктік картасының барлық мәліметтерін және өзге де дербес деректерін алаяқтарға қонақүй персоналы тапсырып отырған.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық схеманы Кушадасы қаласындағы белгілі бір қонақүйдің қожайыны ұйымдастырыпты. Құқық қорғау органдары оның аты-жөнін де, отелдің атауын да жария етпеді. Қылмыстық іс материалдарында оны «Х.Ө.» (H.Ö.)деп атайды.

Ол көмекшілерімен бірге төл қонақүй желісінде нөмір брондаған шетелдік туристердің жеке басының және банктік карталарының деректерін жүйелі түрде жинаумен айналысқан. Содан соң ол ақпаратты басқа қонақүйлердегі және автомобильді арендаға беретін компаниялардағы сыбайластарына жіберіп отырған.

«Қылмыстық схема әбден мұқият ойластырылған және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген. Туристердің карталарынан оларға іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер үшін қомақты сомалар есептен шығарылып отырған», – делінген прокуратураның ресми хабарламасында.

Тергеу әшкерелегендей, заңсыз алынған қаражаттарды алаяқтар қымбат жылжымайтын мүлікке, көлік түрлеріне және басқа активтерге инвестициялап, заңдастырған, сондай-ақ қылмыстық айла-шарғыға қызмет ететін заңды бизнес желілерін құрып, көбейткен.

Сорақысы сол, саяхатшылардың есеп-шотынан қаражат еліне оралғаннан кейін шешіп алынған. Салдарынан, олар Түркияда әділдік іздеп, құзырлы органдарға жүгіне алмаған, кейбірі бұл республикадағы демалысы кезінде қандай шығыстар шығарғанын ұмытып та үлгерген.

Оның үстіне жергілікті прокуратураның нақтылауынша, қылмыстық топтың кейбір қатысушылары шетелде жұмыс істеген. Олар нысанаға іліккен құрбан туралы қосымша деректерді табуға көмектесіпті.

Қазіргі кезде қаскөйлердің қарекеттерінен кем дегенде 268 шетелдік азаматқа залал келгені анықталды және бұл сан көбейіп барады. Олар Түркиядан оралғаннан кейін банктік есепшоттарынан рұқсатсыз-санкциясыз қаражаттың шешіп алына бастағанына шағымданған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бір күнде бірден 5 провинцияда қатар жүрді. Тұтқындаулар түріктің Измир, Ыстамбұл, Анталия, Айдын, Мугла өңірлерін қамтыды.

ТР Ішкі істер министрі Әли Йерликая осы өңірлердегі жалпы саны 27 мекенжайда және есепшоттарда жалпы саны 1,1 миллиард лира тәркіленгенін мәлімдеді.

Операция қарсаңында 4 ай бойы дайындық жұмыстары жүргізілген, топқа кіретін қылмыскерлердің жүріс-тұрысы қадағаланған.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, осыдан 4 ай бұрын Түркияның Орталық банкі құзырлы органдарға шетелде тұратын адамдардың есепшоттарынан елге қарай «күдікті қозғалыстар» орын алып жатқаны туралы хабарлама жібереді.

Мәлімдеме бойынша арнайы топ құрған жандармерия күдікті қозғалыстарға қатысы бар ақшаны қабылдап алушыларды қадағалады. Нәтижесінде, ақшаның 2 қонақүйге тиесілі POS-терминалдардағы транзакциялармен байланысын анықтады. Содан арнайы топ төрт ай бойы техникалық құрылғылар көмегімен, күдіктілерді күндіз-түні қадағалауға кірісті.

«Ұйымның басшысы деп танылған қонақүйдің иесі Х.Ө. Түркияда демалу үшін қонақүй бөлмесін брондаған шетелдік туристердің карта мәліметтерін, дербес деректерін басқа қонақүймен және көлікті жалға беру компанияларымен бөліскен. Туристер тынығып, елдеріне оралғаннан кейін олардың карталарын қонақүй және көлікті жалға беру қызметтері қайта-қайта пайдаланған. Олардың әлдебір қызметті тұтынғаны туралы жалған құжаттар жасаған», – деп нақтылады түркиялық ақпарат агенттігі.

Тергеу схемаға тартылған компаниялардың алаяқтықтан тапқан ақшаны тазарту, қылмыстық ізін жоғалту үшін «смурфинг» деп аталатын әдіспен ұйым мүшелерінің есепшотына бөлшектеп аударып отырғанын білді. Жылжымайтын мүлік және басқа активті сатып алып, кейін оны сатып, қолма-қол ақшаға айналдырған.

Бүгінде полиция қамауға алынған күдіктілерді тергеуді жалғастыруда. Оның барысында қаскүнемдердің Түркияның туристерге тартымды басқа өңірлерінде тіркелген ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы да анықталуға тиіс.

Сондай-ақ шетелдіктерге келтірілген зиянның нақты көлемі, жәбірленушілердің алда күрт көбеюі мүмкін толық саны айқындалуы қажет.

Бұл жағдай Түркияның халықаралық имиджіне соққы болса керек. Өйткені Араб түбегіндегі иманды мемлекеттерді қоспағанда, Вьетнам, Тайланд, Үндістан, Африка, Америка және Еуропа елдерінен және басқа бағыттардан айырмашылығы сол, Түркия өзін «туристер үшін қауіпсіз ел» ретінде дәріптейді.

Туристердің қауіпсіздігі мәселесіне маманданған сарапшылар саяхатшыларға демалыс кезінде де, одан оралғаннан кейін де қамсыз жүрмей, банктік шоттарындағы қаржының қозғалысын ұнемі қадағалап отыруға кеңес береді.

Себебі, азаматтың өз еліндегі алаяқтар, ұрылар да оның шетелге кеткенін әлеужеліден, басқа дереккөздерден білсе, үйіне, қалтасына түсуге құлшынады.

inbusiness басылымының жазуынша, Мамандар шетелге шығардың алдында банк шотынан жұмсалатын қаражат көлемін шектеу, сондай-ақ өзге елдердегі сауда-саттықта кезінде қолданылатын карталарға лимит қою керектігін ескертеді.

Жалпы, бұл – биылғы халықаралық деңгейдегі жалғыз жанжал емес. 2025 жылғы қаңтарда Ыстамбұлда туристердің ақшасын ұрлаумен айналысқан 30 күдікті ұсталды. Арасында такси жүргізушілері, басқа да сыбайластары бар, барлығы шетелдік аңқау саяхатшылардың ауыстырып алған лирасын «жалған-жалған еместігін тексеріп беремін» деп алып, қашып кетіп отырған.

Ақпарат көзі. inbusiness.kz

Оқылып жатыр

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.