Тараздағы колонияның қоршауынан 8 ұялы телефонды өткізіп жібергісі келген ер адам ұсталды. Ол бұрын сотты болған, деп хабарлайды Todayinfo.

26 ақпан 2025 жылы сағат 20:40-та Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады. Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған.

Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 ұялы телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді. Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Exit mobile version