Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Шэньси – ежелгі Қытай өркениетінің жүрегі: терракот әскері мен керамика астанасы әлем сарапшыларын таңғалдырды

15 Шілде, 2025

Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шэньси – ежелгі Қытай өркениетінің жүрегі: терракот әскері мен керамика астанасы әлем сарапшыларын таңғалдырды
  • Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)
  • Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)
  • Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған
  • Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді
  • Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді
  • Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр
  • «Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 15 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Туризмді дамытудың ірі жобалары жүзеге асады»: таза өнімдер Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан елдеріне экспортталды

«Туризмді дамытудың ірі жобалары жүзеге асады»: таза өнімдер Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан елдеріне экспортталды

25 августа, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы туризмін дамыту арқылы ірі жобалар жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысында әр ауданның өз брендін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында қарқынды бау көлемін көбейтуге ерекше мән берілуде. Аудандағы алма баулардың көлемі 3 мың гектарды құраса, соның 700 гектардан астамы – қарқынды бау. Биыл ауданда тағы 55 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілген қарқынды алма бауы егілді. Бағбандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылдық округінде «Кен-Тау» ЖШС қарқынды алма бауында болды.
Облыс әкімі аудандағы өндіріс орнына арнайы барып, жұмыс барысын бақылады.
Серіктестіктің директоры Қайрат Садықовтың айтуынша, алма көшеттері арнайы Түркиядан алдырылған. Тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы 30 гектар жерден 7 тоннаға жуық өнім алуда. Өндіріс орнында 150-200 адам жұмыс істейді. Алма бауында су үнемдеу технологиясын пайдалану арқылы 6 мың тонна өнім жиналған. Түлкібас алмасы Қазақстанның барлық аумақтарына жеткізіледі. Сондай-ақ көрші Өзбекстан мен Ресейде сұраныс артқан.
«Айта кетейік, «Кентау» ЖШС-нің қарқынды алма бау көлемі 240 гектарға жетіп отыр. Серіктестіктің 2200 тонна алма сақтайтын қоймасы бар. Кәсіпкер қыс мезгілінде алмаға сұраныстың күрт көтерілетініне байланысты алдағы уақытта қосымша 2 тоннадан астам алма сақтайтын салқындатқышы бар қойма салуды жоспарлап отыр. Осылайша ол қыс мезгілінде 4400 тоннаға дейін Түлкібастың экологиялық таза алмасын саудаға шығармақ», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түлкібас ауданының туристік-рекреациялық ресурстарын дамытып, заманауи демалыс аумақтарын салуға күш салынуда. Облыс басшысына бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Туризм аумағын әрі демалыс, әрі табыс көзіне айналдыру үшін жаңа жобалар қолға алынды. Аумақта 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Патсаев. К» және «Боташов Б» демалыс орындары ашылмақ.
Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан 80 га жерге спорт, мәдени, емдік-сауықтыру бағытында Иірсу, Жабағылы рекреациялық аймақтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аймақта киіз үйлер қалашығын, коттеджді қалашықтар, қонақ үйлер, ойын-сауық орындары, жабық спорттық залдар, ашық спорт алаңдарын және тағы басқа нысандар орналастыру үшін жер телімдері ұсынылатын болады.
Жобалар толық іске қосылғанда, 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде.
«Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштары 17,9 мың гектарға (15,4 мың га алма, 0,6 мың га алмұрт, 1,1 мың га өрік, 0,6 мың га шие, 0,5 мың гашабдалы, 1,2 мың га қара өрік, 0,3 мың га жидек ағаштары) оның ішінде: 5,4 мың гектар қарқынды алма бауы орналастырылған. Бұл Республикадағы жеміс-жидек ағаштарының 43% құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан 300-350 центнерден өнім жиналды», — делінген хабарламада.
Қарқынды баулардың негізгі бөлігі Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам аудандарында орналасқан. Өткен жылы жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштарынан 116,9 мың тн (95,8мың тн алма, 3,6 мың тн алмұрт, 7,4 мың тн сары өрік, 4,2 мың тн шие, 2,4 мың тншабдалы, 3,3 мың тн қара өрік, 1,8мың тн жидектер) өнімі жиналды. Бүгінгі күнге 26,0 мың тн Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан елдеріне экспортталды.
Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту бұл бағытқа инвесторлар тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жеміс-жидек ағаштарына мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.

Оқылып жатыр

Өзбекстан экономикасы Қазақстаннан 30 жыл артта қалған – экономист Бехзод Хошимов

АҚШ пен БРИКС текетіресі: Трамп тарифтік ескерту жасады

Kaspi-ге кездейсоқ ақша түсті: оны қайтару керек пе?

2025 жылғы 1 шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың барлық шоттары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тапсырады

10 адамнан ақша аударылса да тексеріске алынады: қандай аударымдарға салық органдары тиіспейді

Маңғыстау облыс әкімдігінің кезекті құйтұрқы әрекеті: зауыт 10 есе төмен өнім шығарып, мемлекетті алдаған

Соңғы жазбалар

Шэньси – ежелгі Қытай өркениетінің жүрегі: терракот әскері мен керамика астанасы әлем сарапшыларын таңғалдырды

15 Шілде, 2025

Әнші Айдар Тұрғанбек балаларға бұтын уқалатқан Смановпен кездескен видеосы үшін сынға ұшырады (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

15 Шілде, 2025

«Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

15 Шілде, 2025

100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов

15 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.