Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
  • Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
  • Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
  • Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?
  • 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
  • Тоқаев Зеленскиймен кездесті
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«TURKISTAN MARATHON» МАРАФОНЫНА ӘЛЕМНІҢ 40 ЕЛІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

27 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында «Turkistan Marathon – 2024» марафоны өтті. Оны Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Жарыс Visit Turkistan аумағында өтті. Оған 40-тан аса елден келген 3000 әуесқой спортшы қатысып, Түркістанның көрікті жерлерін аралап, Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп өтіп, мәреге қайта оралды.

Жарыс сөресінде барлық қатысушыны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтап, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін біз қаламыздың және еліміздің өміріндегі маңызды және айтулы оқиғаның бірі – Түркістан марафонында жолығып тұрмыз. Бұл спорттық мереке ғана емес, ерік-жігердің, батылдықтың мерекесі. Түркістан қаласында осындай ауқымды іс-шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Марафон арқылы бұқаралық спорт, саламатты өмір салты насихатталады. Мұндай шаралар елімізде бұқаралық спорттың дамуына зор септігін тигізеді деп сенемін. Қоғамда салауатты ұрпақ қалыптастыруға үлес қосады. Сонымен бірге Түркістанның туристік және спорттық әлеуеті таныстырылады. Сондықтан марафондар барлық аудан, қалада тұрақты өтуі тиіс. Түркістан төріндегі марафон халықаралық деңгейде танылып, шетелден де қатысушылар саны көбейеді деген ойдамын. Бұл марафон сіздерге тек жағымды эмоциялар сыйлап, спорттағы және өмірдегі жаңа жетістіктерге бастама бола берсін! – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.

«Turkistan Marathon» марафонының қашықтығы дәстүрлі түрде 10 шақырым спутниктік жарыс, 21,1 шақырым жартылай марафон, 42,2 шақырым марафон және 3 шақырым (10-14 жас аралығындағы балалар) қашықтығы боп бекітілген.

Марафон AIMS халықаралық сөре мен жүгіру қауымдастығының бір бөлігі және трек World Athletics стандарттарына сай сертификатталған.

Айта кетсек, марафон аясында 35 жастан асқан қатысушылар арасында 42,2 шақырым жүгіру жарысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жеңімпаздарға арнайы қаржылай және сертификатты сыйлықтар табыс етіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?

23 Қыркүйек, 2025

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.