Тәртіп сақшылары 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдікті құрықтады, деп хабарлайды Todayinfo.
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын қолға түсірді.
— Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түркістан облысының аумағында 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын ұстады, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр.