Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
  • Тоқаев Зеленскиймен кездесті
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркі елдерінің туристік астанасы Түркістан қаласындағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары қатысты, — деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық порталы.

«Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздегі ең маңызды мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев І Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы халық қолдады. Себебі, оның тарихи мәні бар. Бұл – ұлт үшін жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың төгілген қаны мен еңбегінің өтеуі. Асыл аналарымыздың ақ тілегінің жемісі. Сондықтан азаттықтың қадірін білуіміз керек. Жыл сайын Республика күні Президентіміз ту көтеру рәсімін өткізеді. Бұл іс-шара республиканың барлық өңірінде өз жалғасын табады. Міне, биыл да осы мақсатта Түркістан төрінде жүздесіп тұрмыз. Бүгінгі мереке Республиканы құрудағы тұлғалардың елеулі еңбегін дәріптейтін, азат ел екенімізді мақтан тұтанын күн екенін естен шығармайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым көкте желбіреп, еліміздің мәртебесі биіктей берсін!» – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ, Республика күніне орай Түркістан қаласында авто және велошеру ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. «Жаңа леп» өнер ұжымы хор орындады. Әскери оркестр Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін, ал «Сарын» тобы «Қазақстаным» әнін шырқады. «Айдай» би ансамблі мен жастар флешмоб көрсетіп, көпшілікке мерекелік-патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Түркістан жұртшылығы маңызды мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, мемлекеттік рәміздер дәріптелді. Бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Түркістандағы ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Аталған декларация еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болды. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері, ел аумағының тұтастығы жарияланды. Қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітіліп, көпшілікке ұсынылды. Осы декларацияның арқасында ел тәуелсіздігінің негізі қаланған болатын.
Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Түркістан өңірінде бірнеше әлеуметтік нысан қолданысқа берілді. Бірі – облыс орталығында ашылған 600 оқушыға шақталған білім ұясы. Мектеп Түркістандағы халық саны көп елдімекенде бой көтерген. Сондай-ақ Сарыағаш ауданында 500 балаға арналған спорт кешені ашылды. Баянауыл елдімекенінде бұған дейін мектеп болмаған. Оқушылар жақын аймақтардағы білім ошақтарына қатынап, білім алуға мәжбүр болған. Енді 2-тоқсаннан бастап 600 оқушы күні кеше қолданысқа берілген ғимаратта білім алады. Аталған білім ұясында әр пәнге арналған 32 кабинет бар. Олардың әрқайсысы арнайы техникалармен жабдықталған. 200 орындық асхана мен үлкен спорт залы да көпті қуантты. Жаңа ашылған бұл оқу ордасы өңірдегі 3 мектептің жүктемесін жеңілдетпек. Ал Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында 500 балаға арналған спорт кешені ашылды. Онда 8 спорт түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Құны 535 млн теңге болатын ғимараттың құрылыс жұмыстарына қаржыны дәл осы Дарбазадан шыққан инвестор бөлген. Спорт кешенінде күрестен бөлек, футбол алаңы мен шахмат үйірмесі бар. Сондай-ақ таэквондо, бокс, дзюдо, самбо, үстел теннисімен де айналысуға болады. Ғимарат ішінде керекті жабдықтар жетерлік. Суық күнде балалар тоңбас үшін еденге жылыту жүйесі де жүргізілген.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.