Агенттіктің басшылығы Дженнифер Джейкобс есімді бұрынғы тілшісін Батыс мемлекеттері мен Ресейдің тұтқын алмасу кезінде тіс жармау туралы ұстанымын аяқасты етіп, Ресейдің түрмесінен The Wall Street Journal басылымының журналисі Эван Гершкович пен теңіз жаяу әскері Пол Уиланның бостатылып жатқанын хабарлады деп айыптады.
БАҚ-тың хабарлауынша, Дженнифер Джейкобс Ресей түрмесінен бостатылған адамдар Түркияға бара жатқан ұшақта отырғанда хабар таратқан.
— Егер ресейліктер осы ақпараттың жер-жүзіне таралып кеткенін білгенде олар тұтқын алмасуды кейінге шегеруі мүмкін еді. Сондықтан тілшінің агеттіктікке жарияланған материалы тұтқын алмасуға кедергі келтіре жаздады, — деп хабарлады БАҚ.