Украина Ресейге көмекке барған Солтүстік Корей сарбаздарының екеуі тұтқынға түскенін мәлімдеді. Дәлел ретінде тұтқындағы сарбаздардың суреттері мен деректерін де жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.
Президент Зеленский Сотүстік Корея әскерлерінің тұтқынға түскенін растады.
«Украина қарулы күштері КХДР әскери қызметкерлерін тұтқынға алды. Солтүстік Корейдің 2 сарбазы 9 қаңтар күні тұтқынға түсті, — деді ол.
Ақпаратта Украина СІМ басшысы Сибига да растады.
«Солтүстік Корейлік алғашқы әскери тұтқындар қазір Киевте. Олар жалдамалы әскер емес, ҚХДР-ның тұрақты армиясы», — деді министр.
Тұтқындар туралы не белгілі?
- Бірінші: Олар не украин, не орыс, не ағылшын тілдерінде сөйлемейді. Тұтқындардың біреуінде өзге бір сарбаздың атына берілген Ресейдің әскери билеті болған. Екіншісінде ешқандай құжат болмаған.
- Екінші: Тұтқынға түскен КХДР сарбазының біреуі: «Біз Украинамен соғысуға емес, оқу-жаттығуға келгенбіз», — деп айтқан. Екіншісі осы сөзді растап сөйлеген.
- Үшінші: Бірінші тұтқын – 2005 жылғы. КХДР армиясында 2021 жылдан бері қызмет өтеп келген. Атқыш. Екінші тұтқын – 1999 жылғы. КХДР армиясында 2016 жылдан бері қызмет етіп келген. Барлаушы-снайпер.
«КХДР әскерін тірідей тұтқындау қиын шаруа. Олар тұтқынға берілуден бас тартып, өзіне қол жұмсайды немесе Ресей әскері оларды дронмен жоюға тырысады. Ресей КХДР әскерін әдетте Ресейдің ішіндегі саха, тыла секілді ұлттарға тіркеп, солардың атын береді», — деп жазды журналист Нұргелді Әбдіғани.