Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады
  • БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты
  • Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі
  • Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті
  • Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды
  • Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды
  • Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді
  • «Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 25 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы мен UN Tourism туристік индустриядағы әйелдерді қолдау үшін күш біріктірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда UN Tourism (БҰҰ Туризм) ұйымының туристік индустрияда әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту мәселесіне арналған алғашқы өңірлік конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараны ұйым Almaty Tourism Bureau-мен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Еуропа мен Орталық Азия елдерінің үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес пен үкіметтік емес секторды біріктірді.

Қазақстан туризм саласындағы гендерлік теңсіздікпен күресуге бағытталған UN Tourism-нің Centre Stage атты флагмандық бастамасына белсенді қатысып отыр. Бастаманың негізгі мақсаты – әйелдердің жетекшілік лауазымдарға, кәсіпкерлікке, технологияға және білімге қолжетімділігін кеңейту.

Конференция аясында өткен министрлік деңгейіндегі дөңгелек үстелде гендерлік теңдікті ілгерілетудегі саяси ерік-жігердің маңызы талқыланды. Сондай-ақ, туризм саласындағы әйелдер жиі кезігетін цифрлық теңсіздік пен әлеуметтік стереотиптер тақырыбында панельдік сессиялар өтті.

Centre Stage бастамасы аясында Қазақстанда 200 әйел-маманды оқыту, ақпараттық науқан жүргізу және әйел-кәсіпкерлерді қолдауға арналған арнайы шаралар әзірлеу жоспарланған.

«Әйелдер — Қазақстанда және бүкіл өңірде тұрақты туризмнің болашағын қалыптастыратын күш. Centre Stage бағдарламасы арқылы біз әйел-кәсіпкерлер мен кәсіби мамандарға қажет дағды, қолдау мен сенім ұялатып, олардың көшбасшылық әлеуетін ашуға көмектесеміз», – деді UN Tourism атқарушы директоры Зорица Урошевич.

Алматы қаласы Туризм басқармасында бұл конференцияның қала индустриясы үшін пайдасы айтылды.

«Бұл конференция жай ірі халықаралық іс-шара емес. Бұл Алматының туризмдегі тең мүмкіндіктер мен тұрақты дамуға бағытталған жаһандық қозғалысқа қосқан үлесі. Әйелдердің көшбасшылығын, олардың кәсіпкерлік әлеуетін қолдау – бүкіл саланың өсуіне стратегиялық ресурс. Конференцияның Алматыда өтуі туризм индустриясына айтарлықтай серпін беретініне сенімдіміз», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ешанова.

Оқылып жатыр

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша дауыс беру басталады

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

Республика күні қарсаңында Наурызбай ауданында №202 жаңа балабақша ашылды

Республика күніне орай Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады

Алматыда 1,5 мыңнан астам жас «Чемпиондық рух» жобасы аясында таңғы жаттығуға қатысты

Соңғы жазбалар

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

25 Қазан, 2025

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

25 Қазан, 2025

Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды

25 Қазан, 2025

Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді

25 Қазан, 2025

«Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда

25 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

25 Қазан, 2025

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.