Белгілі әнші, тележүргізуші Мөлдір Әуелбекова Instagram желісіндегі парақшасында күн тәртібі туралы жазбасымен көпшіліктің назарын аудартты. Оның айтуынша, ол үй шаруасына араласпайды, ал күнделікті тұрмыстық тірлікті арнайы көмекші (няня) атқарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Мөлдір Әуелбекова өз жазбасында күнін қалай өткізетінін ашық жазған. Ол:
«Басыңызға келсін! Мен үйде дым істемеймін. Таңертең тұрамын, жуынамын. Балаларды сабаққа апарғанымша, няням үйді жинап, тазалап қояды. Үйге келіп, жаттығу жасаймын. Сол уақытта таңғы ас дайын тұрады. Тамақ ішіп, рахметімді айтып, жұмысқа кетемін. Балаларды сабақтан алып келгенімше, дәмді кешкі ас дайын болады. Балалармен ойнап, көңіл көтереміз. Үйдің шаруасын ары қарай няня атқара береді – кір жуу, ыдыс-аяқ, тағы басқа жұмыстар. Кешке тіс жуып, әркім өз бөлмесіне ұйықтауға кетеді», – деп жазды.
Әншінің бұл жазбасы желіде қызу талқылауға ұласты. Кейбір қолданушылар оның ашықтығына риза болса, енді бірі өмір салтына таңданысын білдіріп, түрлі пікірлер қалдырды.
«Әркімнің таңдауы бар, бірақ мұны мақтанышпен айту керек пе?»,
«Еңбегінің жемісін көру – жарасымды»,
«Нянямен бірге болу – бақыт, бірақ аналық міндеттер де бар ғой», – деген пікірлер жазылды.