Фото: Фото: ktze.kz
Бүгін Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Министрдің анты
Ерсайын Нағаспаев ел алдында салтанатты түрде ант беріп, өз сөзінде:
“Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, заңдылық пен әділеттілік қағидаларын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін”, – деді.
Үкімет басшысының тілегі
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрді құттықтап, оның жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Жаңа тағайындау туралы еске сала кетейік
Президент Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарған болатын. Ол қазіргі таңда президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне ауысты.