Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
  • Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 11 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Үнемі ұрып, қылқындырып, қорлайтын»: Алматы облысында 21 жастағы келіншек 6-қабаттан құлап қайтыс болды

10 марта, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында жас ана 6- қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға Қарасай ауданының Асыл Арман тұрғын үй кешенінде 9-наурыз күні болған. Мерт болған ананың артында бір жастағы ұлы қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақапарттық агенттігі.

Марқұмның әке-шешесі сот сараптамасының шешімімен келіспей, «моргтен» қыздарын алмай отыр. Қайтыс болған Ажар Тәуекелқызы 2004 жылы туған. Екі жыл бұрын мектепте өзімен бірге оқыған жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда тұрмыс құрғалы таяқтан көз ашпаған.

«Қызымның көрген күні күн болмады. Артында бір жастағы ұлы жетім қалды. Талай рет таяқ жеді. Күйеуі арақ ішеді, шешесімен қосылып арақ ішеді. Екеуі екі жақтап қызыма күн көрсетпеді. Бір рет талдырып ұрып тастапты. Үнемі қылқындырып ұратын, оған мына суреттер дәлел, қызым жіберген. Осы жолы мереке қарсаңында тағы қандай лаң салғаны белгісіз, ақыры қызымның түбіне жетті. Бұған дейін тағы бір рет ұрғанда қызым есінен танып қалған. Күйеуінің аты Нәдірбек. Екеуі біраз уақыт Ақтауда тұрды, сол кезде де осылай ұрған», — деді марқұмның анасы Гүлжан Жақып.

Жәбірленуші Гүлжан мектепте мұғалім, қызының күйеуі тарапынан жиі соққыға жығылғанын айтады. Қызын бірнеше рет үйіне де әкеліп алған кездері болыпты. Алайда күйеу баласы екі-үш айдан соң кешірім сұрап, қызын қайтадан алып кеткен.

«Оқиға кеше түстен кейін сағат 15.00-16.00 аралығында болған. Қызым осы жігітке тием деп күш бермеген соң амалсыз көнген едік. Барғалы бірнеше рет  таяқ жеді. Қызым өздігінен өле қоятын адам емес. Мыналар тағы ұрып, балконнан лақтырып жіберді деген күдігім де бар. Жайдан жай суицид жасамайды қызым, әбден қорлап түңілдірген. Сот сараптамасы бізге қызымыздың денесін бермей қойып еді, қарсы тарап адвокат жалдап,  қызымды «өзі өлді» қылып қағаз жазғызып алыпты. Кеше қызымның енесі де, күйеу бала да ішімдік ішкен екен. Енді бүгін ауруханадағылар қыздарыңның денесін жылдам алып кетіңдер деп жатыр. Біз олардың ешқандай соққы алмаған, өзі өлген деген қорытындысымен келіспейміз. Қызымды күйеуі үнемі ұрған. Оны менен жасырып айтпай келген. Күйеу бала шешесімен бірге үйлерге ремонт жасайды, Қарақалпақстаннан көшіп келгендер»,  — деді марқұмның әкесі Тәуекел Жекебайұлы.

Оқиғаны Алматы облыстық полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. 

«Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді»,  — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздың ата-анасы бір күн бұрын қыздары енесінің достарын күту үшін асығып кетіп қалғанын айтады.

«Қызым мереке күні апасын құттықтап келген, күйеуі келген соң асығып кетіп қалған. Бізге енесінің достары үйге келетінін, оларды күту үшін дастархан жасап, дайындалатынын айтқан. Яғни, тағыда ішімдік ішілген, қанша адамды күткенін білмейміз. Қызым өзі ішімдікке жоқ, жас баласы бар. Ертеңінде түскен кейін қызымның қайтыс болғанын естідік. Енесі ажырасқан, ішімдікке жақын, қызыма не істегендері белгісіз. Күйеуі осы жолы ұрған болуы мүмкін»,  — деді марқұмның анасы.

Оқылып жатыр

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды

1414 нөмірінен келетін SMS және айыппұлдар: eGov порталындағы авторизация өзгерді

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

Соңғы жазбалар

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.