Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұйғыр ауданы құрақ көрпе мен тандыр нанды патенттеуге кірісті

Ұйғыр ауданы құрақ көрпе мен тандыр нанды патенттеуге кірісті

16 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының Ұйғыр ауданы – Қазақстандағы бақ шаруашылығы мен экологиялық таза жеміс өнімдерін өсіру бойынша қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі,деп хабалайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Ауданның табиғи-климаттық артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізіп, өнімнің сапасы мен нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Бұл бағытта географиялық көрсеткіштерді (ГК) енгізу – отандық өнімді ұлттық және халықаралық деңгейде заңды қорғау мен брендке айналдырудың маңызды тетігі болып отыр.

 Географиялық көрсеткіш – өнімнің шығу тегінің дәлелі

Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлардың шыққан жерінің атаулары туралы» Заңына сәйкес, географиялық көрсеткіш (ГК) – бұл белгілі бір аумақтан шыққан өнімнің сапасы, беделі немесе басқа сипаттамалары сол географиялық аймақпен тығыз байланысты екенін көрсететін белгі. Ол өнімнің кем дегенде бір өндірістік кезеңі осы аймақта жүзеге асқан жағдайда ғана беріледі.

2024 жылдың соңында «Теңриқұт» шаруа қожалығының ерекше өрік сұрпына патент алу жұмыстары басталып, ҚР Әділет министрлігіне қарасты Зияткерлік меншік жөніндегі ұлттық институтқа құжаттар жолданды. Қазіргі таңда ресми растау алынып, өңірлік өнімнің заңды қорғалуы жолға қойылды. Бұл қадам – аудандық өріктің ұлттық бренд ретінде танылуына жол ашады.

Ауданымыздан шыққан экологиялық таза, ерекше дәмі бар жемістер ертеңгі күні Қазақстанның ғана емес, шетел нарығының да брендіне айналуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар ауданда тек өрік емес, басқа да дәстүрлі өнім түрлерін зияткерлік меншік нысаны ретінде қорғау мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынған. Қазіргі уақытта келесі өнімдер бойынша зияткерлік меншік құқығын алу процесі жүріп жатыр:

Жүгері – Ұйғыр ауданының климаты мен топырағына бейімделген, жоғары өнімді жергілікті сұрып

Құрақ көрпе – Ұлттық нақышта жасалған, өзіндік ою-өрнегі мен қолтаңбасы бар қолөнер бұйымы

Тандыр нан – Дәстүрлі әдіспен пісірілетін, ерекше дәм мен пішінге ие жергілікті наубайшылық өнімі

Болашақта аталған өнімдерле географиялық көрсеткіш немесе тауар белгісі ретінде тіркеліп, отандық және халықаралық нарықта заңмен қорғалатын брендтерге айналуы мүмкін.

Органикалық шаруашылық – экологиялық жауапкершіліктің үлгісі

2007 жылдан бастап бау-бақша өсірумен айналысып келе жатқан Ұйғын Арзиев басшылық ететін «Теңриқұт» қожалығы – Қазақстан мен Ресейге экспортталатын сапалы өріктің негізгі жеткізушілерінің бірі. Ерекшелігі – шаруашылық гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарды қолданбай, дәстүрлі әдістер мен ғылыми тәсілдерді ұштастырып жұмыс істейді. Қожалық қазірдің өзінде 120-дан астам жергілікті шаруашылықты өз көшеттерімен қамтамасыз етіп отыр.

Қосымша ақпарат ретінде

  • Жеміс бақтарының жалпы көлемі мен құрылымы
  • Ұйғыр ауданының бақ шаруашылығы мынадай көлемдерді қамтиды:
  • Жалпы бақтар көлемі – 4095 гектар
  • Сүйекті жемістілер – 3193 га
  • оның ішінде жеміс беретіндері – 2145 га
  • Шекілдеуікті жемістер – 902 га
  • оның ішінде жеміс беретіндері – 644 га
  • Ірі ауыл шаруашылық құрылымдары
  • Аудандағы негізгі ірі кәсіпорындар:
  • «Шонжы Агро» ЖШС – 460 га
  • «Шабдалы» ЖШС – 200 га
  • «Eco Park Garden» ЖШС – 140 га
  • «Тиірмен Агро» ЖШС – 126 га

2024 жылы қосымша 14 га бақ отырғызылды (соның ішінде 2 га – алма бағы)

Су ресурстарын тиімді пайдалану

Ауданда 450 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізілген. Бұл технология суды үнемдеумен қатар, жеміс сапасын жақсартуға және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы жылдары бұл әдіс 4461 гектарға дейін кеңейтіледі деп жоспарлануда.

Шырын өңдеу инфрақұрылымы

  • «Agro Processing» ЖШС
  • Қуаты – 4 тонна/сағат
  • Жобалық құны – 450 млн теңге
  • 2023 жылы өңделген өнім – 280 тонна
  • 2025 жылға жоспар – 500 тоннадан астам
  • Шикізат қабылдау бағасы – 80–100 тг/кг
  • «Шабдалы» ЖШС
  • Қуаты – 20 тонна/тәу
  • Жобалық құны – 100 млн теңге
  • Жер көлемі – 200 га
  • Сақтау инфрақұрылымы
  • Қазіргі уақытта ауданда 4 сақтау қоймасы жұмыс істейді
  • Жалпы сыйымдылығы – 300 тонна
  • Құрылысы аяқталуға жақын 2 жаңа ірі қойма:
  • ШҚ «Арман Батур» – 1000 тонна
  • ШҚ «Ашимов» – 1000 тонна

Бұл қоймалар өнімді маусымаралық уақытта сақтау мен нарыққа үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді.

Экспорттық әлеует

Ұйғыр ауданында өсірілетін жемістер – экологиялық тазалығы мен ерекше дәмі арқасында Ресей, Өзбекстан және Қытай нарықтарына экспортталады.

2025 жылы экспорт көлемі – 2500 тонна.

Қорыта айтқанда ауданының жеміс шаруашылығы – ауыл шаруашылығын әртараптандыру, отандық өнім сапасын арттыру және халықаралық нарыққа шығару жолында үлгі боларлық бағыт. Географиялық көрсеткіштерді енгізу, инфрақұрылымдық жаңғырту мен органикалық бағыт – бұл өңірдің ұлттық брендке айналуына нақты негіз қалайды.

 

Оқылып жатыр

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

Соңғы жазбалар

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.