Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

12 Маусым, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының Ұйғыр ауданында алғашқы өңірлік Apricot Fest өрік фестивалі өтті. Фестиваль өңірдің жазғы туризм күнтізбесіндегі жарқын оқиғаға айналып, фермерлер, қолөнершілер, өңдеу өнеркәсібі өкілдері, туристер мен инвесторларды бір алаңда тоғыстырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Фестивальдің дәл осы ауданда өтуі заңды құбылыс. Ұйғыр ауданы бүгінде еліміздегі өрік өсірудің жетекші орталығы саналады. Аудандағы 4 095 гектар бақтың 3 100 гектарын өрік баулары алып жатыр. Жыл сайын мұнда 22 мың тоннаға дейін өнім жиналып, оның 4 мың тоннасы Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан нарығына экспортталады. Қалған бөлігі ішкі нарықта сұранысқа ие — өріктің бір келісі 250-300 теңге аралығында сатылады.

Фестивальдің ресми ашылуына облыс, аудан басшылығы, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

«Apricot Fest — экотуризм мен өңірлік экономиканы дамытудың тамаша мысалы. Бұл — табиғат пен мәдениетті, жергілікті өнім мен бірегейлікті тоғыстыратын алаң. Бастапқы кезеңінде-ақ жоба шетелдік кәсіпкерлердің қызығушылығын оятып отыр. Қырғызстан мен Өзбекстан компаниялары фестиваль аясында өнім жеткізу бойынша келісімдер жасады,» — дейді Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова өріктің өңір үшін ерекше символдық мәні бар екенін атап өтті:

«Өрік — бұл біздің ауданның тек ауыл шаруашылық өнімі ғана емес, экономикамыздың, мәдениетіміздің де белгісі. Біз Apricot Fest фестивалін жыл сайынғы дәстүрге айналдырып, өңірімізге туристер ағынын арттырғымыз келеді,» — деді ол.

Фестиваль аясында түрлі гастрономиялық аймақтар, жергілікті өнімдер жәрмеңкесі, этно-шоулар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Биылғы фестивальде өрік баулары оқиғалық туризмнің жаңа нысандары ретінде де көрсетілді.

«Ауыл жанданды. Көптен күткен қозғалыс, жаңғыру басталды. Келушілер қызығушылықпен тамашалап, өнімнің дәмін көріп жатыр. Бізге дәл осындай шаралар қажет еді,» — дейді жергілікті тұрғын Равиль Анадуллаев.

Алматы қаласынан келген қонақ Гүлжан Тоқтарханова да өз әсерімен бөлісті:

«Біз отбасымызбен келдік. Атмосфера өте жылы, алуан түрлі дәмдер мен қызықты бағдарламалар көп. Мұндай фестивальдер өңірдің бет-бейнесін қалыптастырады. Міндетті түрде тағы келеміз,» — деді ол.

2024 жылы Алматы облысындағы туристік ағын 20%-ға артқан. Өңір шетелдік туристер саны бойынша ел бойынша үшінші орынға шықты. Туризм саласына 45 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылып, 20 жаңа жоба жүзеге асырылуда.

Туристер үшін бүгінде 40-тан астам табиғи нысан мен 57 туристік маршрут ашық. Олардың қатарында Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлдері, ұлттық парктер, визит-орталықтар бар. Тек екі ұлттық парктің инфрақұрылымын дамытуға 2024 жылы 170 млн теңге бағытталған.

Алматы облысының тұсаукесерлері BBC, TripAdvisor, Қытай мен Оңтүстік Корея платформаларында белсенді түрде ілгерілетілуде. Өңір ірі халықаралық жобалар мен фестивальдерге алаң болып отыр — Tengri Ultra, Oceanman Kazakhstan, Қонаевтағы әуе шарлары фестивалі, «Ұлы дала жорығы» экспедициясы соның дәлелі.

Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, 2026 жылданбастап Apricot Fest фестивалін сәуір айында, өрік баулары гүлденетін кезеңде өткізу жоспарланып отыр.

«Көктем — өңіріміздің ең әдемі кезеңі. Өрік гүлдегенде баулар көздің жауын алады. Біз сәуірдегі фестивальге туристер ағыны одан сайын көбейеді деп сенеміз,» — деді ол.

Алғашқы Apricot Fest фестивалі тек өнім мерекесі ғана емес, жаңа туристік және инвестициялық бағыт қалыптастырудың бастауына айналды. Енді өрік — экспорттық өнім ғана емес, өңірдің символына, қонақжайлығы мен мүмкіндіктерінің көрсеткішіне айналуда.

Алматы облысы тұрақты туризм мен ауыл шаруашылығын дамытудағы зор әлеуетін дәлелдеп, ынтымақтастық пен өсудің жаңа көкжиектерін ашып келеді.

Оқылып жатыр

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.