Фото: instagram.com/bivol_kate
Қырғызстанда әлем чемпионы, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оған ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, іс Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша («Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру») қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тергеу мәліметінше, Екатерина Бивол қырғыздар мен қазақтарды және басқа да ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан. 21 қазанда оның бейнежазбасы әдепсіз сөздермен әлеуметтік желілерде тараған.
Биволға айып сырттай тағылды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданып, әйел іздеуге жарияланды.

