Қазақстан Ұлттық банкі валюталық операциялар, айырбастау пункттерінің жұмысы және жаңа банкноттар айналымына қатысты бірқатар өзгерістерді бекітті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жаңа өзгерістер:
🔹 Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылады.
🔹 Қаржылық тексерістен өтуі тиіс операциялар тізімі кеңейтілді – бұл валюталық заңнама талаптарынан жалтарудың алдын алу мақсатында енгізілген.
🔹 Айырбастау пункттері үшін шетел валютасын сату және сатып алу бағамына шектеу қойылды:
АҚШ доллары – 7 теңгеден,
Еуро – 10 теңгеден аспауы тиіс.
🔹 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы 1000 теңгелік банкнот айналымға енгізіледі.
🔹 GRIFFIN және OTYRAR атты жаңа коллекциялық монеталар шығарылады.
Бұған дейін 2023 жылы 2000 теңгелік жаңа банкноттар таныстырылған болатын. Олар 2025 жылдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енгізіледі.