Фото: Ұлттық ұлан
Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, рационға ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енеді, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу — бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам», – деп атап өтті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.
Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген, себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.