Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұлттық жоба: Мақтаарал ауданында құны 2,3 млрд теңгеге 16 кәсіпорын ашылмақ

Ұлттық жоба: Мақтаарал ауданында құны 2,3 млрд теңгеге 16 кәсіпорын ашылмақ

3 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 22 пайызға өсіп, 12 мыңнан асқан. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тағы 16 жоба биыл жүзеге аспақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Мақтаарал ауданының әлеуетіне, осы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті.

«Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Мақтаарал ауданын дамыту мәселесі назарымыздан түскен емес. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданында 2023 жылы 16 елді мекенде 2,4 млрд. теңгеге 23 жоба жүзеге асырылды, биыл 12 елді мекенде 2,3 млрд. теңгеге 16 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 825 млн. теңгеге 143 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылы 365 маманға 126 млн. теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы, 92 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 476 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді», -деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы мақтааралдықтарды «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды. Мақтаарал ауданында 2023 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылға қарағанда 1,5 есеге өсіп, 139 млрд.теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 22 пайызға өсіп, 12 мыңнан асқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайып, 10 млрд. теңгеден асып отыр. Алайда негізгі капиталға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнім көлемі, өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі бойынша биылға жоспарланған көрсеткіштер толық орындалмай отыр. Өңір басшысы аудан әкімі мен басқарма басшыларына осы бағытта жұмысты жандандыруды жүктеді.

«Облыста АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде Мақтаарал ауданында 14 мектепте толық іске қосылды. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану да күн тәртібінде тұр. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет», – деді өңір басшысы Дархан Сатыбалды.

Кездесуде Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өткен жылы атқарған жұмыстары және биығы көрсеткіштер бойынша есебі тыңдалды.

«Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде ауданның инфрақұрылымын жақсарту, газдандыру, дренаждық жүйелерді жетілдіру, шаруаларға субсидия беру және өзге де түйткілдер айтылды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды мақтааралдықтар үшін жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бақылауға алынды», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Оқылып жатыр

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Жолдау міндеттері — ел болашағының бағдаршамы

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.