Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұлы Жеңіске тағзым: Алматыда жастар бейіттердің айналасын тазалады

Ұлы Жеңіске тағзым: Алматыда жастар бейіттердің айналасын тазалады

24 апреля, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

24 сәуір күні Жетісу ауданындағы Орталық зиратта арнайы сенбілік өткізілді. Іс-шара республика көлеміндегі «Таза Қазақстан» акциясы аясында әрі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткен сенбілік экологиялық мәдениет пен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды басты мақсат етті. Іс-шараға қалалық комьюнити-орталықтардың еріктілерін қамтыған жүзге жуық экобелсенді мен қала жастары атсалысты. Жалпы акцияға 200 адам, 7 арнайы техника қатыстырылып, 50 текше метр қоқыс шығарылды.

Сенбілікке қатысушылар Орталық зират аумағын тазарта отырып, ел тарихына елеулі үлкес қосқан ағабуын өкілдерінің рухына тағзым етті.

– Бұл шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ел тарихына, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің рухына деген құрметті нығайту. Жақында ғана елордада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» экофестиваліне қатысқан болатынмын. Бүгінгі шара – соның жалғасы іспетті. Бұл бастама бүгінде үлкен қозғалысқа айналды. Оған қала тұрғындары, әсіресе жастар белсенді қатысып келеді, – дейді Алматы қаласы Жетісу комьюнити орталығының жетекшісі Әкежан Кеңес.

«Ритуалдық қызметтер комбинатының» бас инженері Есбол Нүсіпов жастардың көрсетіп отырған көмегін кез келген уақытта жоғары бағалайтынын айтты:

– Бүгінгі акцияның тәрбиелік мәні зор. Жас ұрпақ бейбіт аспан үшін жанын қиған батырларды ұмытпай, құрметтеуі тиіс. Біз еріктілердің еңбегіне алғыс білдіреміз және естелік орындарында тазалық пен тәртіпті қолдауға әрдайым шақырамыз.

Бостандық аудандық комьюнити-орталығының жетекшісі Тоғжан Дауыл еріктілер қатарындағы қала ЖОО студенттері тазалықты сақтау шараларына үнемі белсене қатысатынын және бұл жолы да мемориалды ретке келтіру бастамасына бірден үн қосқанын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар арқылы жастар бойында табиғатқа деген жанашырлықты, ел тарихына деген құрметті сіңіреді.

Сенбілік барысында зират аумағы мен оған іргелес сквер тазартылып, қоршаған орта қалпына келтірілді.

Оқылып жатыр

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

«Жеке имиджі мен пиарына ақша жұмсамады»: сарапшы Досаевтың жұмысына оң баға берді

Ерболат Досаев Алматы әкімі ретінде несімен есте қалды?

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

Соңғы жазбалар

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.