Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұлыбритания билігіне Лондондағы қазақ дипломаттары 5,9 млн доллар қарыз

Ұлыбритания билігіне Лондондағы қазақ дипломаттары 5,9 млн доллар қарыз

3 Маусым, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Лондонда ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімінде Қазақстан дипломаттары да жүр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа дипломаттардың миллиондаған доллар қарызға батқаны растады, деп  хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақпарат агенттігі Лондон мэриясының бақылауындағы британдық Transport for London (TFL) мемлекеттік компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімін жария еткенін жазған еді. Шет мемлекеттердің елшіліктері Лондонға 145 млн фунт қарыз. Бұл тізімде Қазақстан да бар.

Тізімнің басында 14,6 млн фунт қарызбен АҚШ тұр. Одан кейінгі елдердің қарызы мынадай: Жапония — 10 млн фунт, Үндістан — 8,5 млн фунт, Нигерия — 8,4 млн фунт, Қытай — 7,9 млн фунт, Ресей — 6 млн фунт, Польша — 5,2 млн фунт, Гана — 5 млн фунт.

Қазақстан тізімде 9-орында тұр. Қарызы – 4 652,755 (шамамен 5,9 млн доллар) фунт.

Айбек Смадияров өз жауабында бұл қарызды Қазақстан тарапы төлемейді дегенге келтіреді.

«Transport for London мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, ақпарат құралдарында шетелдік елшілік қызметкерлері Лондонның орталығына кіргені үшін алым төлемегені туралы деректер 2003-2023 жылдар аралығында қаражатты қамтитынын хабарланған. 2003 жылдан бастап британ астанасының орталығына (көлікпен) кіру үшін төлем енгізілген. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ғимараты Лондонның орталығында орналасқан. Онда жүргізушілер жұмыс күндері сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс әрі мереке күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін кіру үшін 15 фунт төлеуі керек. Яғни, елшілік қызметкерлері өз аумағына баруына төлем салынып отыр», – дейді ол.

Халықаралық Вена конвенцияға сүйенген Смадияров Лондондағы шетелдік дипломатиялық корпустың – сол аумақтағы елшіліктердің жалпы пікірі бойынша бұл төлем жергілікті салық ретінде саналатынын айтады. 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясында көрсетілгендей, дипломаттар жергілікті салықтан босатылған. Смадияров Лондондағы компания жариялаған ақпарат аталған алым-салыққа қатысты екенін, осы қаражат жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлға жатпайтынын нақтылады.

«Басқа да елшіліктер оны төлейміз деп шешсе, онда біз де осы жағын қарастырамыз. Жалпы, аталған конвенцияға сәйкес, дипломаттар салық төлемеуі керек. Бұл өз кезегінде айыппұл емес, салық ретінде қарастырылған. Осы ретте, Қазақстан ғана емесе, бірқатар елдің елшіліктері сол аумақта шоғырланған. Басқа да елшіліктер бұл алымның заңсыз екенін айтып отыр», – деді Айбек Смадияров.

Оқылып жатыр

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қазақ және неміс болғысы келеді: Қазақстандықтар жаппай ұлтын өзгертіп жатыр

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуреге салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.