Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды
  • Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр
  • Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады
  • «Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті
  • Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)
  • Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Ұлым өлді деп ақша жинаған»: Астаналық келіншек әріптестерінен 2 млн теңге жинап алған

«Ұлым өлді деп ақша жинаған»: Астаналық келіншек әріптестерінен 2 млн теңге жинап алған

13 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада Гүлмира Ашимова есімді әйел “ұлым терезеден құлап кетті” деп өтірік айтып, әріптестерін 2 миллион теңгеден астам ақшаға сан соқтырып кеткен. Бұл туралы Stan.kz хабарлады, деп жазады Todayinfo.

Мадина есімді желі қолданушысының сөзінше, Гүлмира Ашимова 25 тамыз күні ұлының 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, ертесі күні комаға түскенін айтқан. 

“Жылап жазды. 27 тамыз күні есін жиған. Сүйектері көп жерден сынып, көкбауырын алып тастады деді. Қаңқалық құрылымды орнату үшін операция керегін айтты”,  — деп жазды жәбірленуші. 

Әйел құрылғыны алу үшін қомақты қаражат керек екенін, оны алу үшін банктен несие алғалы жатқанын айтқанда әріптесі жұмыстағылардан ақша жинап, 500 мың теңге салып жіберген. Сондай-ақ Гүлмира басшылыққа аудиохабарлама жіберіп, кезеген жүйке стимуляторын сатып алуға қаржылай көмектесуін сұраған. Стимуляторды баланың зақымданған омыртқасына орнататынын айтқан. Оған бейжай қарай алмаған әріптестері ақша жіберен. 

“Басшылық та әйел сұраған қаражаттан көп мөлшерде қаржылай көмек көрсеткен. Қырғызстан, Қазақстан мен Ресейдегі әріптестері баланың денсаулығына қатты алаңдады. Гүлмира өтірік айтуын тоқтатпады. Ол баланың зонд арқылы тамақтанып жатқанын, тек су ішіп, құсып жатқанын айтты. Бірде оған ота жасалды, бірде отаның жасалып, 8 сағатқа созылғанын айтты. Осылайша ұялмай, “емге” деп ақша жинай берді. 5 қыркүйекке қараған түні Гүлмира балам қайтыс болды деді. Ол әріптесіне денені сойып, ашу үшін мәйітханаға алып кеткенін айтқан. Ақша үшін “ұлым өлді” деп айтты. Енді ол ұлының жерлеуіне ақша жинаған. Гүлмираның өзімен сөйлескен Ләззат деген әріптесі басқалардан ақша жинап, көз жасына ерік беріп, барынша қолдау көрсетті”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Сөйтіп ол Гүлмираның қазіргі күйеуімен хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын сұрастырған. Алайда күйеуі қайтыс болды деген Әмірдің сабақта екенін, ал Гүлмираның өзі жұмыс орны сұлулық салонында екенін айтқан. Әйел ақша үшін өтірікті қиыннан қиыстырған. Барлығы әшкере болғанда өзімен сөйлескен әріптесіне ешкімге айтпауын сұрап, бәрін түсіндіремін деп уәде берген. 

“Әріптестерінің картамен аударған қаражаты мен қолма-қол ақшасыз жасалған аударымдар күйеуінің жеке кәсіпкерлік шотына түскен. Әртүрлі жағдайлар болады, бірақ адамгершіліктен аттауға болмайды. Біз қанша күн бала үшін уайымдадық. Адамдардың сезімімен ойнауға болмайды. Мұны ақтап алуға келмейді”, – деп жазды Мадина. 

Stan.kz тілшісі Гүлмира Ашимовамен сөйлескен жәбірленуші Ләззатпен сөйлесті. Айтуынша, жәбіренушілер Гүлмираның үстінен полицияға арыз жазған. 

“Жәбірленушілердің саны шамамен 100-ге жуық. Келтірілген шығын 2,5 миллионнан астам. Полиция қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша іс қозғады. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Гүлмираның өзімен сөйлескен жоқпын, басшылық сөйлесті. Барлығын қайтаруға уәде берді”, – деп жауап берді жәбірленушілердің бірі.

Сондай-ақ жәбірленуші өздерін сан соқтырып кеткен Гүлмира Ашимованың Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі екенін айтты.

Фото: Threads.com/@mmr.kz

Оқылып жатыр

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты

Соңғы жазбалар

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

13 Қыркүйек, 2025

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

13 Қыркүйек, 2025

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

13 Қыркүйек, 2025

Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты

13 Қыркүйек, 2025

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

13 Қыркүйек, 2025

«Ұлым өлді деп ақша жинаған»: Астаналық келіншек әріптестерінен 2 млн теңге жинап алған

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.