Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
  • Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 11 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақтың біртуар бұлбұл әншісі, дәстүрлі ән өнерінің дарабозы, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойы дара тұлғаның туған жері — Жаңаарқа ауданында жоғары деңгейде аталып өтті, деп хабарлайды Todayinfo.

Әсерлі сәттерге толы мерейлі шара қонақтарды құрметпен қарсы алудан басталып, әрі қарай аудандық Мәдениет үйінде өткен «Қазақтың Қайраты» атты тағылымды кешке ұласты. Кеш барысында ән өнерінің абызы атанған тұлғаның шығармашылық жолы мен өнегелі өмірі кеңінен насихатталып, сахна төрінде шәкірттер мен өнер жұлдыздары ұстазға деген шынайы ықыласын әнмен өрнектеді.

Мерейтой иесін құттықтап, мерейін үстем етуге Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин, сондай-ақ Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов арнайы келіп, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ кеш барысында Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев халық әртісіне аудан атынан Құрмет грамотасын табыс етіп, сый-сияпат көрсетті.

Өнер кешінде Қайрат Әукенұлының шәкірттері мен дәстүрлі әнді дәріптеп жүрген еліміздің танымал өнерпаздары — Ғалым Мұхамедин, Серік Оспанов, Еркін Шүкіман, Айтбек Нығызбаев, Айгүл Қосанова, Жақсыкелді Кемалов, Сержан Мұсайнов, Ардақ Исатаева, Ержан Базарбеков, Сырым Мұхамеджанов және өзге де өнер иелері халық әнінің жауһарларын орындап, көрерменге рухани ләззат сыйлады. Шараны жаңаарқалық Айтуған Ырысалды жүргізді.

Сондай-ақ кешке зиялы қауым өкілдері мен өнер жанашырлары арнайы шақырылды. Астана қаласынан — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен меценаттар Жайсаң Ахметов, Азамат Ахметов, Қанат Ахметов, өнер иесінің інісі Ахат Байбосынов пен оның жұбайы Роза Байбосынова, ұлы Мұхтар Байбосынов және әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов, дәстүрлі әнші Қайрат Әбеуов, «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясы» директоры Қарагөз Абдулшарипқызы қатысты.

Кеш соңында шәкірттері мен Жаңаарқа жұртшылығы атынан Қайрат Әукенұлына автокөлік кілті табыс етілді. Бұл — елінің өз ардақты ұлына деген шынайы ықыласы мен зор құрметінің көрінісі болды.

Қайрат Байбосынов — тек Жаңаарқаның ғана емес, барша қазақ халқының мақтанышы. Ол ұлттық өнердің қара шаңырағын көтеріп, қазақ ән мектебін әлемге танытқан дара тұлға.

Мерейтой кеші — өнердің өлмес рухы мен ұстазға деген ұрпақ алғысының салтанаты іспетті әсер қалдырды.

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Ұлытау облысында демеушілердің қаражатына 60 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жезқазғанда ойын алаңдары жаңартылуда: өңір басшысы сапаны бақылауға алды

Соңғы жазбалар

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.