Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

8 Тамыз, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке (аортокоронарлық шунттау) ота жасалды. Оталар “Өркендеу Ассистанс” ЖШС басқаруындағы және Қазақстанның жетекші он медициналық орталықтарының қатарына кіретін облыстағы ең ірі жекеменшік денсаулық сақтау мекемесі — Жезқазған медициналық орталығының базасында өтті, деп хабарлайды Todayinfo.

Жоба Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен “Қазақмыс” корпорациясының қолдауымен Ұлытау халқына кардиологиялық көмек көрсетудің мемлекеттік кешенді бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама аймақ тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған алдын алу шараларын, ерте диагностикалауды және жоғары технологиялық араласуларды қамтиды. Оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін 2023 жылы Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, “UMC” корпоративтік қоры, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС, “Жезқазған” медициналық орталығы арасында өңірде кардиохирургияны дамыту туралы меморандум жасалды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова оқиғаның тарихи маңыздылығына назар аудара отырып:

“Бұл өте көптен күткен сәт және Ұлытау халқына кардиохирургиялық көмек көрсету статистикасын есептеудің бастауы болып табылады. Біздің облыс құрылғаннан бергі үш жыл ішінде медицина саласында көптеген істер атқарылды, оның ішінде, кардиологиялық қызметтің жұмысы жан-жақты құрылуда, кадр тапшылығы мәселесі шешілуде, өңірге келген дәрігерлер үшін жағдай жасалуда және бұл бағытта жұмыс жалғасуда”,- деді.

Жезқазған қаласының тұрғындарына, яғни, 60 жастағы әйел мен 52 жастағы ер адамға Юрий Пя, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” АҚ басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс кардиохирургы, профессор бастаған астаналық топ ота жасады. Көптеген жылдар бойы Юрий Пя кардиохирургия саласындағы танымал сарапшы болып табылады және әлемдегі ең жақсы тәжірибелер деңгейінде хирургиялық араласулар жүргізеді. Көрнекті кардиохирургтың шеберлік сабағына жергілікті мамандар қатысты.

“Біздің жүрек орталығымызда біз мынадай қағида бойынша жұмыс істейміз: бірінші кезекте пациент маңызды. Сондықтан медицинаны пациентке жақындату маңызды, керісінше емес. Жоғары білікті медициналық көмек адамға неғұрлым жақын болса — Қазақстан соғұрлым дамыған болады”, — деп атап өтті Юрий Пя.

Жобаны іске асырудағы өте маңызды жағдай ретінде өңірде “Жезқазған” медициналық орталығы сияқты заманауи медициналық мекеменің жұмыс істеуін атап өткен жөн. Орталық ұлттық аккредиттеудің жоғары санатының және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге рұқсаттың (ЖТМК) жалғыз иегері, заманауи инфрақұрылымы бар, сондай-ақ, жоғары дәлдіктегі жабдықтар және білікті медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген. Мұнда қала құраушы компания — өзінің әлеуметтік бағдарына тұрақты көзқарас ұстанушы “Қазақмыстың” үлесі зор.

Сонымен қатар, жоғары білікті мамандардың сапары аясында ҚР ДСМ штаттан тыс бас кардиологы, жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Махаббат Бекбосынованың жетекшілігімен өңіріміздің дәрігерлеріне арналған “Атеросклероз мектебі” тақырыбында білім беру семинары ұйымдастырылды.

“UMC” командасы Ұлытауға операциялар жүргізу және әріптестерін жергілікті жерлерде оқыту үшін тұрақты келіп тұруды жоспарлап отыр. Еліміздің бас кардиохирургы атап өткендей, “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” АҚ-ның міндеті — елордада ғана емес, өңірлерде де бастамаларды дамыту. Бұл өз әдістемелері мен технологияларын бүкіл ел бойынша таратуға арналған мемлекеттік мекеме.

Оқылып жатыр

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Ұлытау облысында демеушілердің қаражатына 60 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жезқазғанда ойын алаңдары жаңартылуда: өңір басшысы сапаны бақылауға алды

Соңғы жазбалар

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.