Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұлытау облысында асыранды балаларды 5 жыл құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

20 февраля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлытау облысында 5 жыл құлдықта болған үш бала қазір Балаларды қолдау орталығына орналасқан. Асыранды балаларды жұмысқа жеккен 55 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Телеарна мәліметінше, 2018 жылы, бес жыл бұрын патронаттық ата-ана бір отбасының үш бірдей баласын балалар үйінен асырап алып, қызды күң, екі ұлды құл қылған. Балалардың кішкентайы сол кезде 8 жаста болса, үлкенінің 14 жасқа келген кезі екен. Оларды қаладан 20 шақырым жердегі фермада ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Аталған фактіні облыстық прокуратура мен қорғаншылық және қамқоршылық органдары ақпанда анықтады.

 «Қаңтарда кезекті жоспарлы рейд барысында мектептің әлеуметтік педагогі, білім бөлімінің қорғаншылыққа жауапты маманы және әдіскері бір отбасында болып, осы патронаттық тәрбиедегі балалардың жағдайы көңілі толмаған», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова.

Асырап алушы тарап осы уақыт аралығында балалардың жәрдемақысын да өзі алып отырыпты. Балалар оқудан да қалған. Денсаулығына байланысты сабаққа бара алмады деген анықтама беріп келген.

 «Асырап алушы тараптан заңбұзушылық бар екені бесенеден белгілі. 2015 жылы бекітілген патронаттық тәрбие туралы ережеге сәйкес, асыранды балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс. Сондай-ақ қорғаншылық органдары олардың жағдайын үнемі тексеріп отыруы керек », — деді облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлмира Жаппасова.

Патронаттық қамқоршы қыз баланы «айтқанымды орындамасаң немесе шағымдансаң, бауырларыңды енді көрмейсің» деп қорқытып келген. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, ең сорақысы — жақында ғана бұл отбасы асырап алуға болатын басқа да балалар бар ма екен деп сұраған. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатыр.

 «Ювеналды полиция қызметкерлері, прокуратура мен қорғаншылық және қамқоршылық органы жүргізген рейд кезінде Жезқазғанның 55 жастағы тұрғыны анықталды. Ол көп жылдан бері асыранды балаларды соққыға жығып, күш қолданып келген. Сондай-ақ шаруа жұмыстарына жеккен. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша қамау изоляторында отыр», – деді облыстық Полиция департаментінің бөлім басшысы Әділ Бахманов.

 

Телеарна тілшінің хабарлауынша, қыз баланың жасы қазір 19-да, колледжді аспаз мамандығы бойынша тәмамдаған. Ортаншысы да қазір колледжде оқиды. Ал кенжесі – әлі оқушы. Қазір олар балаларды қолдау орталығында орналастырылған.

 «Қиын жағдайға тап болған балаларды биыл 2 ақпанда кешкі уақытта қабылдадық. Қазір балалармен педагогтар, психологтар жұмыс істеп жатыр. Жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Басқа балалармен тез тіл табысып кетті, ойын-сауық орталықтарына да барды. Балалардың барлық құқығы сақталады », — деді М. Құлышева атындағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Ғазиз Жетібаев.

Жауапты мамандар қыз баланың жұмысқа орналасуына көмектесетіндерін айтты. Сондай-ақ оларға баспана беру мәселесі де шешілетінін жеткізді.

 

балалар болған дерек жаңа жыл облысында туралы шықты құлдықта Ұлытау

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.