Фото: ҚазАвтожол
Ұлытау облысында 2024 жылы 140 шақырымға жуық жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 51 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болып табылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Орташа жөндеу жүргізілетін облыстық жолдар:
Қарсақпай-Байқоңыр – 6 шақырым (71-86 шқ)
Атасу-Айнабұлақ – 9 шақырым (140-149 шқ)
Қарсақпай-Байқоңыр – 21 шақырым (35-56 шқ)
Қарсақпай-Байқоңыр – 15 шақырым (56-71 шқ)
Сонымен қатар, «Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан-Домбауыл» бағытындағы жолдың 6 шақырымы жөнделіп, көпір құрылысы жүргізіледі. «Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтбаев» жолының 20 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделетін жолдар
Бұл бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 21,3 шақырым жол жөнделеді:
Жаңаарқа ауданында – 8,02 шақырым
Қызылжар кенті – 3,22 шақырым
Түгіскен ауылы – 0,8 шақырым
Атасу ауылы – 4 шақырым
Ұлытау ауданында – 13,3 шақырым
Қарсақпай кенті – 5,2 шақырым
Ұлытау ауылы – 5,47 шақырым
Сарысу ауылы
Қалаішілік көшелерді жөндеу
Облыс орталығы мен қалаішілік жолдарға да жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
Жезқазған қаласы – 17 шақырым
Сәтбаев қаласы – 7,7 шақырым
Қаражал қаласы – 4,2 шақырым
Жәйрем кенті – 4,8 шақырым
Бұл жұмыстар өңірдегі көлік қатынасын жақсартып, жол сапасын арттыруға бағытталған.