Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

9 Мамыр, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай алғашқы мерекелік шаралар Ұлытау аймағында таңертең ерте басталды. Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Халқымыздың ХХ ғасырда басынан өткерген ең ауыр кезеңдерінің бірі — Екінші дүниежүзілік соғыс. Тарихи деректерге сүйенсек, қан майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанып, оның 600 мыңы елге оралмаған. Бүгін — фашизмді жеңіп, адамзатты зұлматтан құтқарған Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл айтулы дата еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде.

Атап айтқанда, Жезқазған қаласындағы «Даңқ» аллеясында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара өтті. Жиналған жұртшылық алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Бұдан кейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Облыс әкімі Дастан Рыспеков пен зиялы қауым өкілдері Отан үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым етті.

Дастан Рыспеков ардагерлерді мерекемен құттықтап, еңбек майданында көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.

Мемориал аумағында майдан даласындағы жауынгерлердің өмірін бейнелейтін театрландырылған көрініс көрсетіліп, дала асханасы ұйымдастырылды.

Іс-шара кешкі сағат 19:00-де Алаш алаңында өтетін мерекелік концерттік бағдарламамен жалғаспақ.

Еске салайық, Ұлытау өңірінен 16 мыңға жуық азамат майданға аттанып, оның 10 мыңнан астамы елге оралмаған. Қазіргі таңда өңірдегі 397 тыл еңбеккеріне Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

Оқылып жатыр

90% тозған су жүйесі жаңарады: Жезқазғанға 1,8 млрд теңге бөлінді

Жемқорлықсыз болашақ: Ұлытауда ерекше форматтағы «АнтиПараКвест» өтті

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Соңғы жазбалар

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.