Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұлытауда 500 литр қымыз тегін таратылды

20 Маусым, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін ұлттың киелі мекені – Ұлытау жерінде дәстүрлі «Көкмайса-2025» ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер фестивалі салтанатты түрде ашылды. Бастауын 2018 жылы алған фестиваль халқымыздың бай мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта тірілтуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Көкмайса-2025» фестивалі – ұлттық болмысты дәріптейтін тағылымды мереке ғана емес, сонымен қатар өңірлік кәсіпкерлік пен туризмді дамытуға серпін беретін тиімді мәдени-көпшілік инфрақұрылым бола алады.

Фестиваль «Қымызмұрындық» атты театрландырылған көрініспен басталып, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің төл туындыларымен жалғасты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұлттық рух пен мәдени мұраның ұрпақ сабақтастығындағы маңызына ерекше тоқталды.

Фестиваль аясында бие байлау, күбі ыстау, қымыз ашыту көріністері көпшілік назарына ұсынылып, арнайы дайындалған қымыз келген қонақтарға тегін таратылды. Мешкейлер жарысы, қазақ күресі, жілік шағу, садақ ату, найза лақтыру, асық ату, қошқар көтеру секілді ұлттық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыстарда жергілікті спортшылардан өзге, көршілес Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының спортшылары да бақ сынады.

Өңірлік және жергілікті қолөнер шеберлері ұлттық бұйымдарды жасап көрсету арқылы келушілерге шеберлік сабақтарын өткізді.

Сонымен қатар, балаларға арналған этноойын алаңдары мен ұлттық стильдегі аттракциондар қызықты әрі танымдық форматта ұсынылды. Ұлттық киім үлгілері мен дәстүрлі тұрмыстық жабдықтардың көрмесі өтті.

Сахнада елімізге танымал өнер иелері мен жергілікті шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында: Бексұлтан Барақбай, Ақжол Әмірхан, Ділназ Сұлтанбай, «Сәкен серілері», «Тандем» дуэті, Қайырхан Ерғазы, Эльмира Дәулетбаева, Досымжан Таңатаров, Ұлытау аудандық мәдениет үйінің би ансамблі, «Алтын Орда» ұлт аспаптар ансамблі, «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі бар.

Фестиваль соңында өткізілген ұлттық спорт байқаулардың жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

«Көкмайса-2025» – бұл салт-дәстүр мен заманауи мәдениетті бір арнаға тоғыстырып, ұлт болмысының терең тамырын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мереке.

Оқылып жатыр

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Ұлытау облысында демеушілердің қаражатына 60 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.