Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұлытауда І Республикалық «Қобызым – қоңырым» байқауы өтті

24 Шілде, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

23-24 шілде күндері І Республикалық «Қобызым – қоңырым» қобызшылар байқауы өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бұл байқаудың  Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында ұйымдастырылуының өзіндік себебі де бар. Қойлыбай бақсы – осы Ұлытау өңірінде туып-өскен, қазақ  халқының рухани мәдениетіне зор үлес қосқан тарихи тұлға.  Қорқыттың қобызын, сарынын алғаш мирас тұтқан  өнер иесі де осы Қойлыбай болған.

Бақсылығымен де, қобызшылығымен де аты аңызға айналған Қойлыбай әулие атындағы алғашқы қобызшылар байқауын өткізуге Ұлытау облысының  әкімдігі қолдау білдірсе, байқауды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырып өткізді.

С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театры қобыздың тылсым үнін тыңдауға құштар көпшілікті екі күн бойы өзіне тартып, өзінде тұсады. Республикалық деңгейде өткізіліп отырған қобызшылар байқауының  басты мақсаты Қойлыбай әулиенің емшілігімен қатар, қобызшы болғанын көпке таныту, насихаттау болды.

Сонымен қатар, жас ұрпақты қобыз өнеріне баулу, халықтың көнеден келе жатқан өнерін ұрпақ жадында жаңғырту болып табылады. Байқау барысында көрермен көпшілік оны ұйымдастырушылардың ұлттық аспаптар мектебінің дәстүрін сақтап, күйдің ұмытылып бара жатқан орындаушылық дәстүрін   қайта түлетулеріне куә болысты.

Байқау сонымен бірге, әрине, қобызда талантты орындаушыларды  анықтап, олардың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасады.

Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен   12 үміткер қатысты.

  • Бас жүлде  иегері Әсен Смаил- Талдықорған қаласы.
  • І орын  иегері Азбаев Әдлет -Алматы қаласы.
  • ІІ орын иегері Құрманбек Олжас – Астана қаласы.
  • ІІІ орын иегерлері Төреханов Ерасыл-Жетісу облысы  және Жетпісбаева Аяулым- Қарағанды облысынан.

Дипломанттар: Қыдырмұрат Әсел, Сайлауова Дана, Ержан Жанайым — Алматы қаласынан, Майданова Самал-Астана қаласынан.

Арнайы жүлделер:  Қорқыт атындағы жүлде иегері Болат Арайлым- Алматы қаласы, Ықылас атындағы жүлде иегері Алтынбекова Гауһар-Қарағанды қаласы, Қойлыбай әулие атындағы жүлде иегері Қабыл Медет-Ұлытау облысы.

Оқылып жатыр

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Ұлытау облысында демеушілердің қаражатына 60 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.