Әлеуметтік желіде дін атымен жастарды алдап жүргендер пайда болды. TikTok-тағы бір жігіт қыздарға «бір күндік неке» ұсынып, өзін намаз оқитын адам ретінде көрсетіп отыр. Ол: «Дінімізде бір күндік неке бар екен, мені ұнатқан қыздар маған келсін, түн өткізген соң ұнамаса, талақ айтып кете саламыз» деген бейнежазба жариялаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары бұл ұсынысты сынға алып, көптеген пікір қалдырды. Көпшілік оның әрекетін «дінді қорлау», «жастарды азғыру» деп бағалауда.
Белгілі журналист Ербол Мәндiбек бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп:
«Мен үшін еліміздегі ең мықты молда – Нұрлан имам. Сол кісінің кеңестері заман талабына сай. Айналайын қыздар, келіншектер. Болашақ жарыңыз туралы әркімнен емес, беделді имамдардан ақыл сұраңыздар. Әйтпесе осындай дінбұзарлардың арбауына түсесіздер. Дін – ойыншық емес» – деп жазды.
Маман пікірінше, «бір күндік неке» деген ұғым исламда жоқ, ол – діннің атына кір келтіретін ойдан шығарылған түсінік.
Сұрақ көп: жастарды шатастырып жүрген мұндай «үгітке» кімдер жол беріп отыр?
@85carat♬ оригинальный звук — 85CARAT