Ташкентте Халықаралық әйелдер күнін тойлау барысында даулы оқиға орын алды. Мерекелік шара кезінде абаттандыру қызметінің бір қызметкері ұрлық жасады деп айыпталып, оның сыйлықтарын күшпен тартып алған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Зардап шеккен әйел бейнеүндеу жариялап, ол әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинады. Бұл жағдай көпшіліктің үлкен наразылығын тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары айыпталған адамдардың әрекеттерін қатаң сынға алды.
Оқиғаға бей-жай қарамаған блогерлер мен белсенділер әйелге арнайы барып, бағалы сыйлықтар, қаржылай көмек және азық-түлік табыс етті.
Кейіннен әйел тағы бір бейнежазба жариялап, өзін қолдаған барша жанға алғыс айтты.
«Мен видеомның осыншалықты тез таралатынын күтпедім. Маған қолдау көрсеткен барлық адамға алғысым шексіз. Кеше ауыр күн болды, бірақ бүгін мені көптеген адамдар қуантты», – деп бөлісті ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram