Жекеменшік балабақшалардың бірінде болған жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, комитет ресми ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Қазіргі уақытта бала үйінде, онымен психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр. Біз балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптаймыз. Бұл жағдайға заңдық және психологиялық тұрғыдан қатаң баға берілуі қажет. Мұндай әрекеттерге жол берген адамдар білім беру саласында жұмыс істемеуі тиіс», – деп мәлімдеді комитет.
Сонымен қатар, Білім басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін балабақшаға барып, тексеру жұмыстарын жүргізуде.