Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұстаздарға құрмет: Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған мұғалім көлік мінді

4 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында Ұстаздар күні мерекесі құрметіне “Ұстазыма мың алғыс!” атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агентігі.

«Құрметті ұстаздар! Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге – саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді», – деген Дархан Сатыбалды өңірдің білім саласында жеткен жетістіктермен де бөлісіп, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті, — деп жазды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 10 ұстаз “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі мен 20 педагог “Құрмет грамотасын” алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.

Көпшілікті таңғалдырған кеш тосын сыймен жалғасты. Дархан Амангелдіұлы айрықша еңбегімен көзге түскен ұстазды ерекше марапаттады. Шәкірті 42 елдің оқу орындарынан шақырту алған “Түркістан Білім-инновация” лицейінің география пәнінің мұғалімі Бастами Арғын Ержанұлына облыстың атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады. Оның шәкірті Ислам Әбдірахманов қазір АҚШ-та оқып жатыр. Бұдан бөлек, оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған, өзі іскер, белсенді, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук тарту етілді.

Ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен арнайы жайылған дастарқанда қонақ болып, балалардың әзірлеген мерекелік концертін тамашалады. Өнерлі ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты. Айта кетерлігі, Түркістан облысында жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында 500 мыңнан астам бала білім алады. Республикадағы әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында. Жаңа оқу жылында өңірде 1-сыныпқа 52 мыңнан астам оқушы қабылданды. Сонымен қатар, Түркістан қаласында 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған білім мекемелерінің есебінен мектептер мен балабақшалар санында едәуір өсім болды. Нәтижесінде қазіргі таңда мектептердің саны 78-ге жетті. Олардың ішінде 34 мемлекеттік мектеп болса, жеке мектептердің саны 44 болып отыр. Қазіргі таңда мектептерде 52 596 оқушы оқу жылын бастаса, олардың ішінде 40 168 оқушы мемлекеттік мектептерде, 12 428 оқушы жеке мектептерде білім алды. Ал, 21 мемлекеттік балабақшада 3 709 бала, 123 жеке балабақшаларда 13 079 бала (жалпы 16 788 бала) тәрбиеленуде. Сонымен қатар, 6 мектептен тыс мекемеде 3741 бала түрлі үйірмелерге қатысуда. Ал, 2023-2024 оқу жылында 5 181 мұғалім еңбек етсе, олардың ішінде 4 515 мұғалім мемлекеттік мектептерде, 666 мұғалім жеке мектептерде еңбек етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1288 бала алғашқы білім мен тәрбие алып келеді.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.