Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында сүзгі алаңдарының қорғаныс бөгеті бұзылып, 30 тұрғын үйдің аумағы су астында қалды, оның ішінде 10 үйге су кірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Тұматаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ. Әбсейітов, төтенше жағдайлар қызметкерлері және Ұзынағаш ауылдық округінің өкілдері келді. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің орынбасары Асет Масабаев пен облыстық ТЖД басшысы оқиға орнына жол тартты.
Қабылданған шаралар:
✅ Су басу қаупін азайту және салдарын жою мақсатында қорғаныс бөгеттерін нығайту және су ағызу жұмыстары жүргізілуде.
✅ 5 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды (қосымша тағы 5 техника тартылады).
✅ Барлық қажетті шаралар қабылдануда, жағдай тұрақты бақылауда.